Жаңалықтар

6 мамыр 2009
Ақордада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаев Италия Сенатының мүшесі, Италия сыртқы істер министрінің орынбасары Альфред Мантиконы қабылдады.

Кездесуде әңгімелесуші тараптар екіжақты ынтымақтастықтың жай-күйі мен келешегін, соның ішінде Президент Н.Ә.Назарбаевтың осы жылдың күзіне жоспарланып отырған Италияға мемлекеттік сапарының жай-жапсарын, Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі қарсаңында өзара іс-қимылды үйлестіру және сауда-экономикалық қарым-қатынасты дамыту мәселелерін талқылады.


- Қазақстан мен Италия арасындағы ынтымақтастық толық өзара түсіністік пен сенім аясында дамып отыр. Президент Нұрсұлтан Назарбаев пен Италия Министрлер кеңесінің төрағасы Сильвио Берлускони арасындағы тұрақты диалог, екіжақты жоғары деңгейдегі сапарлар саясат, энергетика, сауда және инвестиция, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық салаларындағы қатынастарды дамыту үшін берік негіз болып табылады, - деп мәлімдеді кездесуде Қ.Саудабаев.


Мемлекеттік хатшы осы жылдың сәуір айында екі елдің басшылары телефон арқылы сөйлесіп, оның барысында Елбасы Италия үкіметінің басшысымен өзара ықпалдастықтың маңызды мәселелерін талқылағанын атап өтті.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар