Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

20 мамыр 2009
Ақордада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаевтың төрағалығымен ҚР Президентінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі комиссияның кезекті отырысы болып өтті.

Сәуір айында жарық көрген Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту туралы Президент Жарлығына сәйкес бюджетке кірістің толық және уақытылы түсуін қадағалау барысында мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары және мемлекеттік активтерді пайдалану барысында мемлекеттің өкілеттігі бар ұйымдар қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық сипатындағы заң бұзушылақтардың алдын алу шараларын талқылау осы жиналыстың күн тәртібіндегі негізгі мәселеге айналды.


- Біздің жиналысымыз Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сөйлеген сөзінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту қажеттігін тағы да ерекше атап өткен «Нұр Отан» Халықтық демократиялық партиясының кезектен тыс XII-ші съезінен бірнеше күннен кейін өтіп отыр. Қоғамымыз сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың нақты нәтижелерін көруде, айыптылар лауазымдары мен қалталарына қарамай әділетті жазаға тартылуда. 22 сәуір күні жарық көрген «Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және құқық қорғау қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы» Президент Жарлығы елімізде аталмыш процесстердің қайта айналмайтынының жаңа дәлелі болып табылады. Бүгінде «Нұр Отан» партиясының съезінде жарияланған Президент тапсырмалары мен аталмыш Жарлықтың тиімді орындалуы біз үшін аса маңызды басымдық болып табылады. Комиссия жұмысы дәл осы жағдайды ескере отырып атқарылуы тиіс, - деп атап өтті Комиссия отырысын ашқан Қ. Саудабаев.


Отырыста Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің төрағасы Қ.Қожамжаровтың, Бас прокурор Қ.Мәмидің, Республикалық бюджеттің орындалуын қадағалау жөніндегі Есеп комитетінің төрағасы О.Өксікбаевтің, Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы Н.Коржованың, Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Н.Білісбековтің есептері тыңдалды.


Комиссия отырысында сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысының әкімі Б.Сапарбаевтың және Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі А.Мырзахметовтың 2006-2010 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы аймақтық бағдарламалардың жүзеге асырылуы және Президенттің тиісті тапсырмаларының орындалуы туралы есептері тыңдалды.


Комиссия отырысының қорытындылары бойынша тиісті мемлекеттік органдарға Мемлекет басшысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөнінде берген тапсырмаларын орындау бойынша түбегейлі шаралар қолдану туралы кеңес берілді.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар