Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

4 маусым 2010
Алматыда «Риксос-Алматы» қонақ үйінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Шетел инвесторлары кеңесінің 23-пленарлық отырысы өтті.
02

Отырыс барысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрі Ә.Исекешев Шетел инвесторлары кеңесінің 22-пленарлық отырысы хаттамасының орындалуы туралы, сондай-ақ шетелдіктер тарапынан Кеңестің бірлескен жұмысшы тобының құрамын және Кеңестің құрамын реттеу жөніндегі комиссияны жаңалауды бекіту туралы баяндама жасады.

Сондай-ақ ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Г.Әбдіхалықова мен ҚР Білім және ғылым министрі Ж.Түймебаев, шетелдік Кеңестің мүшелері сөз сөйледі.

Шетелдік инвесторлар кеңесіндегі күн тәртібінің негізгі мәселесі ретінде Қазақстанның экономикасын білікті еңбек ресурстарымен тиімді қамтамасыз ету жайы қаралды.

Бүгінде Индустриялдық-инновациялық дамудың 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының бағыттары бойынша республиканың 69 жоғары оқу орнында, жалпы саны 238,104 адамды құрайтын, 199 жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламасы бойынша мамандар даярлау ісі жүзеге асырылуда.

Соңғы бес жылда білімді дамытуға мемлекеттік бюджеттен 2,5 триллион теңге бөлінді. Осы жылдар ішінде «Болашақ» бағдарламасы бойынша 6 мыңнан астам түлек білім алып шықты. Мемлекет басшысының бастамасы бойынша интеллектуалдық мектептер құру жұмысы қолға алынды. Биылғы жылы Астанада жаңа халықаралық университеті алғашқы студенттерді қабылдайды.

Жақында Қазақстан Республикасы Болон процесіне мүшесі болды. Бұл қазақстандықтарға еуропалық білім беруді кеңейтуге, студенттер мен оқытушылар құрамының жинақылығына мүмкіндік туғызады.

Кәсіптік-техникалық білім беру саласында ірі кәсіпорындардың базасында мамандар даярлайтын 23 оқу орталығы ашылды.

Мемлекет басшысы «Бизнестегі жол картасы-2020» аясында 2011 жылдан бастап үш маңызды компонент: мамандар даярлау, біліктілікті арттыру және жастар практикасы іске асырыла бастайтынын мәлім етті.

Президент отандық оқу орындарында білім беру сапасын арттыруға назар аударды.

- Интеллектуалдық ұлт жобасын іске асыру туралы менің идеям Үкімет әзірлеп жатқан білім беруді дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасының негізгі өзегі болуы тиіс, - деп атап көрсетті Нұрсұлтан Назарбаев.             

Отырыс барысында Мемлекет басшысы Шетелдік инвесторлар кеңесі мүшелерінің назарын жұмыс орындарының санын арттыру, мамандарды даярлау және қайта даярлау жөніндегі озық өңіраралық орталықтардың құрылысы, мамандар даярлаудағы оқу бағдарламасын өзгерту және өзге де негізгі мәселелерді қалай шешу қажеттігіне аударды.

Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды үдемелі жаңғырту жөніндегі арнайы шараларды әзірлеу қажеттігіне байланысты Мемлекет басшысы Үкіметке барынша қысқа мерзімде Қазақстанның барлық ірі негізгі өндірістік қорлары мен ірі кәсіпорындарын жаңалаудың тиімділігіне толықтай аудит жүргізуді тапсырды.

Мемлекет басшысының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Шетел инвесторлары кеңесінің келесі пленарлық отырысында қазақстандық кәсіпорындарды жаңғырту және жаңалау мәселесі талқыланатын болып шешілді.         


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар