National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Астана, Қазақстан

Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алматы облысындағы мамандандырылған «Арыстан» лицейінде болды

2013 жылғы 27 сәуір

Қазақстан Президенті лицейдің негізгі орынжайларын аралап шығып, лицей оқушыларының ант қабылдауына арналған салтанатты іс-шараға қатысты. Нұрсұлтан Назарбаев оқушыларды ант қабылдауларымен және Лицей күнімен құттықтады. 

Мемлекет басшысы «Арыстан» лицейінің әскери бағыттағы үздік оқу орындарының бірі екенін атап өтті.

- Тәуелсіздік жылдары Қазақстанда әскери оқу орындары көптеп ашылды. Бұл лицейдің ерекшелігі сол, ол мемлекеттік емес, жеке қаржыға салынды. Табысты бизнесмендердің өз ақшасын Отанымыздың дамуына салғаны маңызды. Лицейге түсу үшін елдің түрлі өңірлерінен келетін, тұрмысы төмен отбасылардың балаларына басымдық беріледі. Сонымен қатар, конкурс арқылы лицейге үздік оқушылар түседі, олар кейін елдің және бүкіл әлемнің ең озық университеттерінде оқитын болады. Мұндай оқу орындарында болашақ көшбасшылар тәрбиеленді, - деді Қазақстан Президенті.      

Нұрсұлтан Назарбаев педагогтер еңбегі және өздерінің ерік-жігері арқасында лицей оқушылары ел элитасы қатарынан көрінетініне сенім білдірді.

- Еліміз «Қазақстан-2050» Стратегиясында белгіленген міндеттерді орындау жөніндегі жаңа бағыттарды жүзеге асыруда. Бұл үшін сапалы білім алған жастар керек. Мен сіздер үшін жасалған барлық жағдаймен танысып шықтым. Сіздердің жанарларыңыздан жігер ұшқынын, сондай-ақ жақсы оқуға, биік мақсаттарға жетуге деген құлшыныс көрдім. Оқытушылар құрамы мен ата-аналарыңыз еліміздің нағыз азаматтары болуларыңыз үшін сіздерге барлығын жасайды деп ойлаймын. Мен сіздерге денсаулық және оқуда табыс тілеймін, - деді Мемлекет басшысы.       

Рәсім аяқталғаннан соң лицей оқушылары әскери, спорттық шеберлік негіздерін, өздерінің шығармашылық жетістіктерін көрсетті.

Іс-шара соңында Нұрсұлтан Назарбаев лицей оқушыларымен және олардың ата-аналарымен әңгімелесті.  

Мамандандырылған «Арыстан» лицейі – заманауи оқу кешені. Онда көбінесе тұрмысы төмен және көп балалы отбасынан шыққан жасөспірімдер, сондай-ақ, республиканың барлық өңірінен жиналған жетім балалар білім алады. Лицейдің басты мақсаты – оларды болашақта жоғары оқу орындарына түсу үшін жан-жақты дайындау.

Лицейдің 9 сынып оқушыларының антында олардың мінез-құлық негізгі құндылықтар бағдарлары мен қағидаттары көрініс тапқан.

Мамандандырылған «Арыстан» лицейі ғимарат кешені 2011 жылы дербес жоба бойынша салынған. Қазіргі уақытта оқушылар саны –  240 адам.      

 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің