National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Астана, Қазақстан

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова «Қазақ хандығына – 550 жыл» атты көрмені аралап көрді

2015 жылғы 09 қазан

 

ҚР Ұлттық мұрағаты ұйымдастырған іс-шараға Парламент депутаттары, мемлекеттік органдардың өкілдері, тарихшы ғалымдар, мұрағатшылар қатысты.

Мемлекеттік хатшы өз сөзінде Мемлекет басшысы ұсынған «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы халықтың діңгегі берік тарихи санасына негізделгенін және бірлік пен келісімді нығайтуға бағытталғанын атап көрсетті. Г.Әбдіқалықова сондай-ақ ғылыми және тарихи құндылығы бар мұрағаттық құжаттар мен материалдарды сақтау мен зерделеудің және насихаттау жөніндегі жұмыстарды жандандырудың айрықша маңыздылығын, өйткені мұрағаттық құжаттар қазақстандық патриотизмнің қайнар көзі екенін, жаңа жетістіктерге жетуге жігерлендіретінін атап өтті.

Көрмеге қатысушылар назарына Ұлттық мұрағат қорында сақтаулы құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері, «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысында Қытай, АҚШ, Ресей, Түркия, Франция және басқа да елдердің мұрағаттары мен ғылыми мекемелерінен табылған Қазақ хандығының тарихына қатысты құжаттар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының белгілі қоғам қайраткерлерінің жеке қорлары ұсынылды.

Мемлекеттік хатшы көрме аясында Ұлттық мұрағат пен Археография және деректану ұлттық орталығының ұжымдарымен кездесті. Оның барысында мұрағат ісін дамытудың өзекті мәселелері талқыланды.

Кездесу соңында Г.Әбдіқалықова мемлекеттік органдар басшыларына еліміздің мұрағат ісін одан әрі дамытуға бағытталған нақты тапсырмалар берді.

Қазақстан әлемнің 190-нан астам елінен 1400-ге жуық мүшесі бар Халықаралық мұрағаттар кеңесінің толық құқылы мүшесі болып саналады. Бүгінгі таңда Ұлттық мұрағаттың қорында 2007 жылдан қазіргі уақытқа дейінгі кезеңде қабылданған 220 772 құжат сақтаулы тұр.

Археография және деректану ұлттық орталығында 26 елдің 111 мұрағаты мен кітапханаларынан 46 мыңнан астам құжаттар мен қолжазбалар тізбесін құрайтын автоматтандырылған «Электронды каталог» ақпараттық жүйесі жұмыс істейді.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің