Жаңалықтар

12 маусым 2014
Мемлекет басшысы Италия Республикасының Премьер-Министрі Маттео Ренцимен кездесті
Ақмола облысы, Бурабай кенті

Кездесу барысында Қазақстан мен Италия ынтымақтастығының сауда-экономикалық және инвестициялық салаларды қамтыған басымдығы бар бағыттары талқыланды.

 

Кездесу барысында Қазақстан мен Италия ынтымақтастығының сауда-экономикалық және инвестициялық салаларды қамтыған басымдығы бар бағыттары талқыланды.

Нұрсұлтан Назарбаев М.Ренциді Италияның Премьер-министрі лауазымына тағайындалуымен құттықтады және екіжақты қатынастардың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.   

- Қазақстан сіздің елмен жақсы қарым-қатынасқа мүдделі. Италия – біздің ірі сауда және инвестициялық серіктесіміз, біз өзара ықпалдастығымызға жаңа серпін бере аламыз. Мен сізді біздің елге ресми сапармен де келуге шақырамын, - деді Қазақстан Президенті.

Италия Премьер-Министрі  өз кезегінде Нұрсұлтан Назарбаевқа осы кездесу үшін алғысын білдіріп, Қазақстанға ресми сапармен келу туралы шақыртуды зор ризашылықпен қабыл алатынын айтты.

Сонымен қатар, келіссөздер барысында мұнай-газ, көлік, энергетика және ауыл шаруашылығы секілді салалардағы қарым-қатынастарды дамыту перспективалары қарастырылды.

Сондай-ақ 2014 жылдың екінші жартысында Италия төрағалық ететін Еуропалық одақпен Қазақстанның өзара іс-қимыл тақырыбы да қозғалды.

Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев пен М.Ренци халықаралық күн тәртібіндегі мейлінше өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты. 


Барлық жаңалықтар
 
Өзге оқиғалар
Барлық оқиғалар