National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Астана, Қазақстан

Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықованың қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті

2016 жылғы 25 сәуір

 

Ассамблея Кеңесінің жұмысына ҚР Парламенті депутаттары, мемлекеттік орталық және жергілікті атқарушы органдардың жетекшілері, республикалық және аймақтық этномәдени бірлестіктердің, аймақтық Ассамблеялар хатшылықтарының, ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің мүшелері, ғылыми-шығармашылық зиялы қауым және БАҚ өкілдері қатысты.

Отырыс барысында Ұлт жоспарының «Бірлік пен бірегейлік» бағытын, соның ішінде Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметінің жаңа салаларын ҚХА аясында жүзеге асыру және ҚХА депутаттық корпусы алқасының қызметінің негізгі бағыттары мен бірқатар ұйымдастыру мәселелері қарастырылды.

Г.Әбдіқалықова ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы белесінде өтетін ҚХА XXIV сессиясының «Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы Біртұтас Ұлт» атты күн тәртібі Қазақстанды жаһандық трансформация мен экономикалық турбуленттік кезеңінде табысты дамытудың шарты ретінде бейбітшілік пен келісімді нығайтудың маңыздылығын көрсететінін айтты.    

Мемлекеттік хатшы бүгінде Қазақстанның бүкіл әлемде құрмет пен беделге ие егемен мемлекет ретінде қалыптасқанын атап көрсетті. Бұған Елбасының Вашингтонда өткен Ядролық қауіпсіздік жөніндегі IV саммитте жария еткен жаңа сыртқы саяси бастамасы – «Әлем. ХХІ-ғасыр» манифесі дәлел болмақ. Маңызды құжат халықаралық тұрғыдан кең серпіліс туғызып, БҰҰ-ның ресми құжаттарының тізбесіне  енді. 

Г.Әбдіқалықова Ұлт жоспары аясында Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау бағытындағы этномәдени бірлестіктердің және Ассамблея Кеңесі мүшелері атқаратын жұмыстардың маңыздылығын атап өтті.

Мемлекеттік хатшы бірегейлік пен бірлікті нығайту және дамыту жөніндегі барлық жұмыс қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық үлгісі болып отырған Қазақстан халқы Ассамблеясының үйлестіруі арқылы жүргізіліп жатқанына тоқталды.   

«Реформа аясында «Бірегейлік пен бірлік» бағыты бойынша Ассамблея қызметінің жаңа бағыттары – қайырымдылық шаралары, медиация, қоғамдық мониторинг қалыптастырылды. Олар мемлекет пен қоғамның бірқатар әлеуметтік мәселелерді шешу ісіне азаматтық тұрғыдан қатысуды тиімді қамтамасыз етеді» – деп атап көрсетті Мемлекеттік хатшы.

Ұлттық музейде өткен отырыс аясында Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІІ сессиясында Мемлекет басшысы берген тапсырмаға орай құрылған «Қазақстан халқы Ассамблеясының және Қазақстанның полиэтникалық тарихы» атты залдың салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Қазақстан халқы Ассамблеясының бет-бейнесі болып табылатын бұл залда Қазақстан халқының тарихи жадынамасы мен рухани-мәдени мұрасы сақталады.

Сондай-ақ кеңейтілген кеңеске қатысушылар «Тәуелсіздік тарихы: қазақстандық даму жолының қарқыны» деген тақырыптағы көрмемен, ҚХА депозитариясымен танысты.

ҚХА кеңесінің қорытындысы бойынша Мемлекеттік  хатшы Қазақстан халқының бірлігі мен қоғамдық келісімді одан әрі нығайту және дамыту жөнінде бірқатар тапсырма берді.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің