National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Астана, Қазақстан

Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі аясында «Қазақстанның 2010-2014 жылдарға арналған индустриялық бағдарламасындағы шетелдік инвестициялар» атты көрмеде болды

2014 жылғы 11 маусым

 

Көрмені аралау кезінде Мемлекет басшысы «Абу-Даби Плаза», «Астана ЭКСПО-2017», «Көк жайлау» тау курорты» және Алматы медициналық орталығы тәрізді жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты.

Сонымен қатар Қазақстан Президентіне Щучинск-Бурабай курорттық аймағын дамыту және қала сыртындағы Borovoe Country Club коттедж кентінің, гольф-клубтың, сондай-ақ Назарбаев Университетінің ғылыми-зертханалық кешенінің жобалары көрсетілді. 

Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ «Верный капитал» компаниясы жобалаған қала маңындағы коттедж-үйді қарап көрді.


 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің