Жаңалықтар

10 қыркүйек 2012
Бүгін Қазақстан мен Вьетнам басшылары Қазақстан Республикасында Вьетнам Социалистік Республикасының мәдениеті күндерінің салтанатты ашылу рәсіміне қатысты

 

Мәдениет күндерінің аясында Вьетнам Социалистік Республикасының жетекші өнер шеберлерінің қатысуымен гала-концерт өтті және «Шексіз сұлу - Вьетнам» атты фотокөрме ұйымдастырылды.

Концерттік бағдарламада ЮНЕСКО шешімімен адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасы болып танылған Куан Хоның әндері шырқалып, билері орындалды.

Фотокөрмеге қойылған жүзден астам суреттер топтамасында Вьетнамның мәдениеті мен бай ұлттық салт-дәстүрі көрініс тапқан.

Вьетнам Социалистік Республикасының мәдениеті күндерінің Қазақстан Республикасында өткізілуі мәні зор оқиға және екі елдің мәдени байланыстарын дамытудағы маңызды кезең  болып саналады.


Барлық жаңалықтар
 
Өзге іс-шараларға қатысу
Өзге іс-шараларға қатысу