Жаңалықтар

22 мамыр 2013
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Шетел инвесторлары кеңесінің 26-шы отырысы аясында «Ресей Жинақбанкі» ААҚ басқарма төрағасы Герман Грефпен кездесті

Кездесуде Қазақстанда банк саласын дамыту мәселесі және Еншілес Банктің біздің еліміздегі қызметінің нәтижесі қаралды.

Мемлекет басшысы қазіргі уақытта Қазақстанда ұлттық қаржы жүйесін жетілдіру және нығайту жөнінде жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтіп, ортақ күш салу еліміздің банктік секторының одан әрі дамуына ықпал ететініне сенім білдірді.

Герман Граф тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда қолайлы инвестициялық ахуал қалыптасқандығын айта келе, банктің біздің еліміздегі қызмет аясы ұлғаятынына үміт артатынын айтты.  

Жинақбанкі Ресей Федерациясындағы және ТМД елдеріндегі ірі банк болып табылады және рыноктық капиталға айналдыру жөнінде әлемдегі 20 ірі банк құрамына кіреді. Банктің қызметін 100 миллионнан астам жеке тұлға және 1 миллионға жуық кәсіпорын пайдаланады. 2006 жылдан бері Қазақстан аумағында «Ресей Жинақбанкі» АҚ Еншілес Банкінің 13 филиалы жұмыс жүргізуде.  


Барлық жаңалықтар
 
Өзге іс-шараларға қатысу
Өзге іс-шараларға қатысу