Жаңалықтар

26 сәуір 2016
Президент «Елбасы жолы: Жұлдыздар тоғысқанда» киноэпопеясының премьералық көрсетіліміне барды
Астана қаласы, «Қазақстан» орталық кино-концерт залы

 

Фильм 1984 жыл мен 1991 жыл аралығындағы кезеңді қамтиды. Туынды жаңа тәуелсіз мемлекеттердің құрылуы, соның ішінде Қазақстан Республикасы туралы баяндайды.

Бұдан бөлек, картина Қазақстанның Тұңғыш Президентінің елді реформалаудағы рөлі, сондай-ақ оның бүгінде жаһандық ауқымдағы жобаларға айналған бастамалары жөнінде әңгімелейді.

Фильм режиссері – РФ Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Ресейдің халық әртісі Сергей Снежкин. Фильм Алматыда және Алматы облысында, Астанада, Қарағандыда, Мәскеу мен Санкт-Петербургте түсірілген. Картинаны сомдау жұмысына жалпы саны 10 мыңға жуық адам қатысқан.

«Жұлдыздар тоғысқанда» картинасы 2016 жылғы 28 сәуірде жалпыұлттық прокатқа шығарылады.


Барлық жаңалықтар
 
Өзге іс-шараларға қатысу
Өзге іс-шараларға қатысу