National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Астана, Қазақстан

Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Астана Арена» стадионында өткен футболдан 2013 жылғы Қазақстан Республикасы Кубогының финалдық ойынына барды

2013 жылғы 10 қараша

 

Сондай-ақ, ойынды УЕФА президенті Мишель Платини мен Қазақстан футбол федерациясының басшысы Ә.Жақсыбеков көрді.  

«Тараз» командасын (Тараз қ.) 1-0 есебімен жеңген «Шахтер» клубы (Қарағанды қ.) Қазақстан Кубогының биылғы маусымдағы иегері атанды.

Ойын аяқталғаннан кейін Мемлекет басшысының өзі жеңімпаздарды құттықтап, оларға Кубокты тапсырды.

Қазақстан Кубогы үшін ойындар 1992 жылдан бастап өткізіліп келеді. Кубок жеңімпазы келесі маусымның бас кезінде Суперкубок үшін Қазақстан чемпионымен ойнайды, сондай-ақ 2014-2015 жылдардағы маусымда Еуропа Лигасында ойнау құқығына ие болады.     


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің