National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Астана, Қазақстан

Алматыда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының гала-концертін тамашалады.

2013 жылғы 27 сәуір

 

Концертте классикалық және халық музыкасы синтезінің негізінде әзірленген заманауи шоу-жоба көрсетілді.

Гала-концертте көрермендер алғаш рет Мұқан Төлебаевтың «Біржан мен Сара» операсындағы танымал бидің жаңаша аранжировкасын, Нұрғиса Тілендиевтің «Аққу» күйін, сондай-ақ өзге де соны музыкалық туындыларды тыңдады.

Концерт финалында дәстүрлі сайыс рухындағы домбырашылар немесе әншілер айтысының баламасы іспеттес оркестр айтысы орындалды. Симфониялық және халықтық оркестрлер арасындағы музыкалық айтыстың шығармашылық мақсаты – шеберлікті және талантты көрсету, классикалық және халықтық өнер әлемін өзара жақындастыра түсу.       

 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің