Жаңалықтар

31 қазан 2012
Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астанада салынып жатқан Классикалық опера және балет театрында болды

Қазақстан Президенті жаңа театр ғимаратының құрылысы мен орналасқан аумағын абаттандыру барысымен танысып шықты.

Мемлекет басшысы бұл жобаны іске асыруға озық техникалық жабдықтарды орнату және пайдалану саласында тәжірибесі мен білімі бар жоғары білікті қазақстандық мамандарды тарту және үйрету қажеттігін атап өтті.   

Өзінің бірегей техникалық сипаты мен атқарымдылығына орай театр елорданың мәдени өмірін одан әрі дамытуға ықпал етеді.

Театрда 1250 адамға арналған көрермен залы, авансахна мен оркестрлік арнайы орын, партер мен түрлі ярусты дөңгелек балкон, сондай-ақ 250 орындық камералық музыкаға арналған шағын зал бар. Жас бишілерді оқыту үшін балет студиясы құрылатын болады. Опера және балет театрының жобалық шешімі халықаралық стандарттарға сәйкестендірілген және осындай деңгейдегі әлемдік құрылыс тәжірибесі ескерілген.

Сонымен қатар, жоба аясында жерүсті автотұрағы мен жерасты паркингі салынатын болады. Құрылыстың жалпы аумағы - 64 мың шаршы метр.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа нысандарда болу
Өзге іс-шараларға қатысу