Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

23 маусым 2014
Мемлекет басшысы Ақтөбе облысына жұмыс сапары аясында «Қазхром» ТҰК» АҚ-ның жаңа ферроқорытпа зауытына барды

Зауытты көру барысында Елбасыға ферроқорытпа өндірісін ашу жобасы туралы баяндалды. Содан кейін Нұрсұлтан Назарбаев бірінші балқыту пешін салтанатты түрде іске қосты.

 

Зауытты көру барысында Елбасыға ферроқорытпа өндірісін ашу жобасы туралы баяндалды. Содан кейін Нұрсұлтан Назарбаев бірінші балқыту пешін салтанатты түрде іске қосты.

Қазақстан Президенті сондай-ақ кәсіпорын жұмысшыларымен әңгімелесті. Олар мемлекет тарапынан металлургтерге ұдайы көрсетіліп отырған қамқорлық пен қолдау үшін  ризашылықтарын білдірді. Мемлекет басшысы еңбек ұжымын жаңа ауқымды өндірістің іске қосылуымен құттықтап, оларға табыс және бақ-береке тіледі.

«Қазхром» ТҰК» АҚ-ның ферроқорытпа зауытының жобалық қуаты жылына 440 мың тонна жоғарыкөміртекті феррохром өндіруге жетеді. Биылғы жылдың соңына дейін 226,5 мың тонна өнім шығару жоспарланып отыр. Кәсіпорындағы жұмыс орындарының саны 500-ге таяу. 


Барлық жаңалықтар
 
Басқа нысандарда болу
Өзге іс-шараларға қатысу