Жаңалықтар

22 сәуір 2016
Елбасы «Химфарм» АҚ-ның жаңа цехында болды
Шымкент қаласы

 

Қазақстан Президенті кәсіпорынның жаңа цехының жұмысымен және өндіретін өнімдерімен танысты.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы еңбек ұжымы өкілдерімен әңгімелесіп, цехтың ашылуымен құттықтады және оның табысты дамуына, бәсекеге қабілеттілігінің жоғары болуына тілектестігін білдірді. Нұрсұлтан Назарбаев бүгінде дәрілік препараттар нарығы перспективалы бағыттардың бірі болып отырғанын, сондықтан отандық фармацевтика саласының көшбасшысы ретінде кәсіпорын мен қала үшін зор мүмкіндіктерге жол ашылатынын айтты.

Цех еңбеккерлері Қазақстан Президентіне осы салаға көңіл бөліп отырғаны үшін алғыс айтты.

***

«Химфарм» АҚ жобасы жалпы құны 14 миллиард теңге болатын 4 кезеңнен тұрады. Бүгінде құны 5,8 миллиард теңге болатын бірінші кезеңі жүзеге асырылған. Жоба 350 миллион ампула инъекциялық ерітінді, 4 миллион пакет инфузионды ерітінді, 40 миллион флакон антибиотик және 1 миллиард таблетка шығаруға мүмкіндік береді.  

Кәсіпорын елдің жалпы дәрі-дәрмек нарығының 5 пайыздан астамын қамтиды және дәрілік заттардың ішкі өндірісінің 50 пайыздан астамын қамтамасыз етеді. 


Барлық жаңалықтар
 
Өзге жұмыс сапарлары
Барлық жұмыс сапарлары