Жаңалықтар

22 қараша 2013
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапары аясында Тараз қаласындағы «Жүрек» кардиохирургиялық клиникасында болды

 

Нұрсұлтан Назарбаевқа аурухананың хирургиялық және терапевтік бөлімдері, сондай-ақ заманауи медициналық жабдықтар таныстырылды.

Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда тек мемлекеттік денсаулық сақтау саласын ғана емес, жекеменшік медициналық мекемелерді де дамытудың маңыздылығын атап өтті. 

«Жүрек» клиникасының стационары – 80, кардиология бөлімі – 50, кардиохирургия бөлімі – 20, реанимация бөлімі – 10 орынға арналған.

Мұнда көрсетілетін көмектер қызметі тізбесіне отаның, манипуляция мен зерттеулердің көптеген түрі кіреді.

«Жүрек» клиникасының жалпы штат саны – 135 адам, олардың 27-сі дәрігер, 54-і орта медицина қызметкері.

Клиниканың жобалық құны – 1,5 млрд. теңге, жабдықтар құны – 800 млн.  теңге.          

 


Барлық жаңалықтар
 
Өзге жұмыс сапарлары
Барлық жұмыс сапарлары