Жаңалықтар

24 наурыз 2006
Астанада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен еліміздегі Демократиялық реформалар бағдарламасын әзірлеу және нақтылау жөніндегі мемлекеттік комиссияның бірінші отырысы өтті.
321.jpg

 -Қазіргі таңда біздің мемлекетіміз, жалпы қоғамымыз өз дамуының түбегейлі жаңа сатысының алдында тұр. Мемлекеттігіміздің, тәуелсіздігіміздің негізін қалап, қуатты нарықтық экономика құрған соң алдымызға өмір сапасы жоғары, бәсекеге лайықты ең дамыған елдер қатарына қосылу міндетін қойып отырмыз. Бұл туралы биылғы Қазақстан халқына Жолдауымда жан-жақты айтылғанын білесіздер. Яғни, біздер үшін тұрақты даму кезеңі келді.  
Бүгінгі күн тәртібіндегі ең басты міндеттердің бірі ретінде саяси саланы реформалау. Демократия - әлемнің өркениетті елдерінің таңдауы, яғни біздің де таңдауымыз.  
Мен саяси жүйені демократияландарудың Мемлекеттік бағдарламасын жасау туралы бастамамды осы жайттарды ескере отырып ұсынған болатынмын. Бұл маңызды құжатты қалыптастыру үшін арнайы Мемлекеттік комиссия құрылды,-деді Нұрсұлтан Назарбаев отырыстың ашылуында.

 

Мемкомиссияның құрамына еліміздің танымал қоғам және саяси қайраткерлері, саяси партиялардың жетекшілері, Қазақстан халықтары Ассамблеясы мен Кәсіподақтар федерациясының өкілдері, қоғамдық бірлестіктер басшылары, Парламент палаталары төрағаларының орынбасарлары мен депутаттар енді.  
Елбасы саяси реформаларды әзірлеу мен оларды іске асыру барысында “халықтық сараптаманың”, яғни қоғам мүшелері тарапынан түсіністік пен қолдаудың  қажет екенін атап өтті.

 

Отырыс қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы саяси жүйені одан әрі демократияландыру жөнінде Үкіметке және Президент Әкімшілігіне бірқатар тапсырмалар жүктеді. Атап айтқанда, билікті орталықсыздандыру және жергілікті өзін өзі басқаруды енгізудің заңнамалық базасын құру, ауылдар мен елді мекендерде жергілікті өкілетті орган болып саналатын – Кеңестер сайлауын өткізу, Парламентке кірген үкіметтік емес ұйымдар мен партияларға мемлекеттік қолдау көрсетуді арттыру.

 

 

 -Мен жаңа Мемлекеттік комиссия өзіне жүктелген міндеттерді толық игеретініне, елде демократиялық өзгерістер кезең-кезеңімен жүзеге асырыла бастайтынына толық сенімдімін. Соңғы екі жылда саяси реформаларға қатысты талай әңгіме қозғалды. Оның ішінде саяси жүйе экономика қажеттіліктерінен артта қалып қойды деген пікірталастар да орын алды. Алайда, өмірдің өзі бұл мәселелерді күн тәртібінен шығарып  тастады. Біз еліміздің тұрақты экономикалдық өркендеуіне қолданыстағы саяси құрылым негізінде-ақ қол жеткіздік. Қазір біз саяси модернизацияны жүзеге асыруға бекем бел буып отырмыз. Сөзден іске көшетін кез жетті,-деп атап өтті Президент.

Президенттің сөйлеген сөзінің мәтінін қараңыздар.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар