Жаңалықтар

27 тамыз 2010
Бейбітшілік және келісім сарайында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Қазақстан Республикасы Конституциясының 15 жылдығына арналған «Конституция – мемлекеттің демократиялық дамуының негізі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияың ашылуы болып өтті.

Конференцияға қатысушылардың алдында сөйлеген сөзінде, Президент 15 жыл ішінде біздің Отанымыздың барлық жетістіктерін атап өтті. Бұл – Конституцияның іс-қимылының және оның аясында қабылданған заңнамалық базасының нақты нәтижесі.

- Негізгі Заңда барлық қазақстандықтарға жақын ортақ құндылықтар мен түсініктер нақты заңдық тұрғыда көрініс тапқан. Бұл - 140 этнос пен 46 діни қауымдастықтың келісім мен достықта өмір сүріп жатқан, қазақ жерінің біртұтастығы, қасиеттілігі және қол сұғылмаушылығы.. Бұл - азаматтарды жынысына, ұлтына, нәсіліне, тіліне, дініне және өзге де белгілері бойынша кемсітушілікке қатаң тыйым салу. Осының негізінде конституциялық қағидаттардың басты негізі – бейбітшілік пен тұрақтылық, барлық халықтың иглігі үшін экономикалық даму қамтамасыз етіледі, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.              

Президент Қазақстан посткеңестік кеңістікте баламасы болмаған, ТМД-да алғаш болып салық, зейнетақы реформасын жүргізгенін атап өтті. Ұлттық экономикаға 100 миллиард доллардан астам тіке шетел инвестициясы тартылды. Жаңа XXI ғасырдың алғашқы жеті жылы ішінде ғана ЖІӨ көлемі екі есе өсті, өнеркәсіп көлемі 2 есе, ауыл шаруашылық өнімдері 1,5 есе артты. Бұл ретте халықтың жан басына шаққанда ЖІӨ 15 жылдың ішінде 700 доллардан 8 мың долларға дейін ұлғайды, яғни 11 есе арта түсті.

Тіпті, әлемдік дағдарыс жағдайында, көптеген елдерде даму қарқыны төмендегенде, қазақстандық экономика оң қарқынын жоғалтқан жоқ. Қазір елде қуатты экономикалық өсім жаңғырды. Бәсекеге қабілетті кәсіпорындар мен жаңа жұмыс орындары ашылуда.

- Біздің елдің әлеуметтік сипаты туралы конституциялық қағидат жаһандық дағдарыс салдарымен күрестегі қиын уақытта едәуір толық көрініс тапты. Ең бастысы – адамдарға көмек көрсеттік, - деп атап көрсетті Мемлекет басшысы.

Президент бәрін алдағы мерекемен құттықтап, конференцияға қатысушыларға табысты да жемісті жұмыс тіледі.

Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның отырысы барысында құқықтық мемлекет институтары мен азаматтық қоғамды дамытуға қосқан үлесі үшін Қазақстан Президентіне Халықаралық заңгерлер одағының - «Фемида» жоғары заңгерлік сыйлығы берілді. Одақтың төрағасы Андрей Требков Нұрсұлтан Назарбаевқа «Фемида» сыйлығының ерекшелік белгісін табыс етті. 

Президент сөзінің мәтінін мына жерден қараңыз. 


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар