Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

17 наурыз 2009
Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапары аясында Мемлекет басшысы Қазақстан мен БАӘ Іскерлік кеңесінің отырысына қатысты.
big-01.jpg

Өзінің сөйлеген сөзінде Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Біріккен Араб Әмірліктерімен ынтымақтастыққа үлкен мән беретінін, осы елмен табысты әріптестік байланыстар орнығып келе жатқанын атап өтті.


Президент екі мемлекет арасындағы қарым-қатынастарды тұрақты әрі табысты саяси-экономикалық ынтымақтастықтың үлгісі деп атады.


Оның пікірінше, дамыған алпауыт елдердің жеке өздері экономикалық проблемаларды еңсеруге қауқарсыз болып отырған қазіргідей дағдарыс жағдайында өзара іс-қимылдың жаңа жолдарын іздестірудің өзектілігі одан сайын артып отыр.


«Бүгін біз байланыстарды одан әрі тереңдету үшін ірі өзара тиімді жобаларды жүзеге асыру арқылы біздің экономикалық қарым-қатынастарымызды белсенді әртараптандыруды ұсынамыз. Біз қазірден бастап дағдарыстан кейінгі кезеңде ашылатын перспективалар туралы ойлауымыз керек», - деді Нұрсұлтан Назарбаев отырысқа қатысқан әмірліктердің ірі бизнес өкілдеріне арнаған сөзінде.


Содан кейін Мемлекет басшысы Біріккен Араб Әмірліктерінің ірі бұқаралық ақпарат құралдары - «Abu-Dhabi TV» телеарнасының, «WAM» ақпарат агенттігі мен «Russian Emirates» журналының тілшілеріне сұхбат берді.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар