Жаңалықтар

11 маусым 2008
Бүгін Ақордада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаев НАТО-ның Парламенттік Ассамблеясының президенті Жозе Лелло мен бас хатшысы Дэвид Хоббсты қабылдады.

Кездесу кезінде тараптар Қазақстан мен Солтүстікатланттық альянстың арасындағы қатынастың жай-күйі мен өзара ынтымақтастықтың болашағын, өңірлік қауіпсіздік пен Ауғанстандағы жағдайдың тұрақтануын талқылады.


Кездесуде Мемлекеттік хатшы: «НАТО-мен арадағы өзара ықпалды іскерлік қарым-қатынас Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ұстанып келе жатқан көп қырлы саясатының басым бағыты болып табылады. Бүгінгі әлемдегі интеграция мен өңірлік қауіпсіздік жүйесі ұлттық қауіпсіздіктің ең басты тетігі болып саналады, біз Солтүстікатланттық альянспен өзара тиімді және тең құқылы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделіміз», - деп мәлімдеді.


ҚР-ның НАТО-мен қатынасының тарихы 1992 жылдарға кетеді, Қазақстан сол кезде солтүстікатланттық кеңеске қосылды, /кейін ол еуроатланттық әріптестік Кеңесі деп аталды/. Тығыз қарым-қатынастың негізі Қазақстанның «Бейбітшілік үшін әріптестік» бағдарламасына қосылуына орай 1994 жылы қаланды, бір айта кетерлік жай, Ақордадағы кездесуде ҚР-ның осы кеңеске мүше болуы туралы Келісімде еліміздің сол кездегі Сыртқы істер министрі Қ.Саудабаевтың қолы қойылғаны да еске алынды. 2002 жылы Қазақстан әскери және қорғаныстық салалардағы әріптестікті одан әрі кеңейтті, сөйтіп, оның жоспарлау және саралау Процесіне қосылды. Содан кейін, 2006 жылы Қазақстан Әріптестіктің жекеше іс-қимыл жоспарын жасап, онда «НАТО-ға қатысушы 26 ел және 1 плюс» форматындағы іскерлік және саяси үнқатысу жүргізу арқылы ҚР мен НАТО арасындағы байланысты жаңа сапалық деңгейге көтеруде Орталық Азиядағы бірінші және қазіргі дейін жалғыз ел ретінде танылды. Жоспардың басым бағыты: саяси үнқатысу, қорғаныстық қайта жасақтау, Қарулы күштерді модернизациялау, терроризмге қарсы күрес, азаматтық шұғыл жоспарлау, шекаралық қауіпсіздік, ғылыми бағдарламалар және қоғамдық дипломатия.


Ирактағы «Казбат» бөлімшелерінің көпұлтты күштері құрамындағы жұмысы Альянс мемлекеттерімен қарым-қатынасының деңгейі жоғары екенін және сапасының жақсылығы Қазақстанның халықаралық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметінің оң әрекеті болып саналады.


Кездесуде Қ. Саудабаев: «Қазақстан қауіпсіздікті сақтау жолындағы халықаралық ықпалдастықтың НАТО қамқорлығындағы Ауғанстандағы кикілжіңді жағдайлардың ойдағыдай шешілуін қолдайды. Әлемдік қауымдастық Ауғанстанның экономикалық және саяси қалыптасуын реттеуге барынша белсенді араласуға шақырады. Сонымен қатар, Қазақстан Ауғанстанмен, Орталық Азия елдерімен және әлемдік қауымдастықтың басқа да елдерімен бірлесе отырып есірткі таратуға, трансұлттық қылмыстардың күшеюіне қарсы күреседі. НАТО-мен Еуропалық Одақтың тиімді өзара қарым-қатынасы болмаса, бұл өңірдегі проблемаларды шешу күмән туғызады», - деді.


НАТО-ның Парламенттік Ассамблеясы парламентаралық ұйым болып табылады, ол 1995 жылдан бастап Солтүстікатлантикалық Альянса қатысушы мемлекеттердің заң шығарушы форумына қатысады және қауіпсіздік мәселелері бойынша парламентарийлер арасындағы өзара қарым-қатынасутың дамуына негіз қалайды. Қазақстан Орталық Азия бойынша НАТО-ның Парламенттік Ассамблеядағы бақылаушы статусына ие.


– Қазақстан - біз үшін ерекше мемлекет. Өйткені Қазақстан бүгіндері НАТО-мен, НАТО-ның Парламенттік Ассамблеясымен және басқа да еуроатлантикалық құрылымдармен тығыз ынтымақтастықты дамытып келе жатқан болашағы зор тұрақты мемлекет. Біздің бұл ынтымақтастығымыз табысты деп айтуға болады және келешекте бізді әлі де аса тығыз байланыстардың күтіп тұрғанына сенімдімін, - деді кездесу соңында Ж.Лелло.



Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар