Кездесу кезінде Қазақстан-Американ қарым-қатынастары, оның ішінде сауда-экономикалық өзара байланыстар мен қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастыққа қатысты кең көлемді мәселелер қаралды.
Журналистермен өткізілген брифингте Д. Фрид екі ел арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастар деңгейі мен оның болашағына жоғары баға берді. Сонымен қатар Құрама Штаттардың сыртқы саясат ведомствасының өкілі Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа көптеген салалар бойынша, оның ішінде лаңкестікке қарсы күресте қолдау көрсеткені және ынтымақтастықты нығайтқаны үшін алғыс білдірді.
А. Фрид сондай-ақ кездесуде Қазақстандағы алдағы президент сайлауы мәселесі талқыланғанын жеткізді. Америкалық дипломат Қазақстанға әлемдік қоғамдастық, оның ішінде ЕҚЫҰ тарапынан қолдау көрсетілетінін атап өтті.