Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

24 мамыр 2012
Бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев V Астана экономикалық форумына қатысушы - Нобель сыйлығының лауреаттарымен жұмыс бабындағы ертеңгілік аста кездесті.

Президентпен кездескендер қатарында Роберт Манделл, Эдвард Прескотт, Джон Нэш, Эрик Маскин, Роберт Ауманн, Финн Кидланд, Кристофер Писсаридес, Мюррей Гелл-Манн, Ада Цонат, Сэр Ричард Джон Робертс және Кэрри Бенкс Муллис болды.

Нұрсұлтан Назарбаев Нобель сыйлығы лауреаттарына Астана экономикалық форумын өткізу идеясына қолдау білдіргендері үшін алғысын айтты.

- 11 Нобель сыйлығы лауреатын қабылдау біздің еліміз үшін үлкен абырой. Сіздер Форум жұмысына белсене қатыстыңыздар. Сонымен бірге, сіздер түрлі пікірталас алаңдарында сөз сөйлеп,  біздің университеттерде дәріс оқып жүрсіздер. Өткен жылы біз Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығын атап өттік. Осы датаға орай біздің елімізді дамытуға үлес қосқаны үшін арнайы медаль бекітілді. Сіздердің қызметтеріңізді тану белгісі ретінде мен сіздерді осы мерекелік медальмен марапаттау туралы жарлыққа қол қойдым, - деді Мемлекет басшысы.

Бейресми форматта әңгімелесу барысында Нобель сыйлығының лауреаттары Президентпен бірге жаhандық экономиканы дамытудың кең ауқымды мәселесі мен әлемдегі геосаяси жағдайды, сондай-ақ бірқатар өзге де өзекті тақырыпты талқылады. Бұдан басқа, Форумның миссиясын жүйелі негізде орындай алатын тұрақты түрде жұмыс жасайтын орган құру қажеттігі туралы мәселе көтерілді. Атап айтқанда, мұндай орган, кездесуге қатысушылардың пікірінше, әлемдегі жағдайды тиімді қадағалап отыруға және әлеидік экономикада орын алған проблеманы шешу жөнінде сапалы ұсынымдар әзірлеуге мүмкіндік береді.

- Президент мырза, Сіз Форум табысын жалғастыратын ондай органды Астанада құруға тапсырма бере алар едіңіз. Астана экономикаық форумының Хатшылығын құру ондағы талқылаулар алаңында талқыланған идеяларды таратуға және көптеген халықаралық ұйымдармен, атап айтқанда, Халықаралық валюта қорымен ынтымақтастықты дәйекті дамытуға мүмкіндік береді, - деді экономика жөніндегі Нобель сыйлығының лауреаты Роберт Манделл.

Мемлекет басшысы бұл идеяны қолдады және кездесуге қатысушыларды таяу уақытта мұндай орган құрылатынына сендірді.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар