Жаңалықтар

29 маусым 2005
Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сыртқы істер министрі Қасымжомарт Тоқевты және «Эйр Астана» компаниясының президенті Ллойд Пакстонды қабылдады.

Сыртқы саясат ведомствосының басшысы Қытай Халық Республикасының Төрағасы Ху Цзиньтаоның алда Қазақстанға мемлекеттік сапары мен шілденің 6-сында елордада өтетін Шанхай ынтымақтастығы ұйымы елдері мемлекет басшыларының саммитіне дайындықтың барысы туралы баяндады.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін сондай-ақ, «Эйр Астана» компаниясының президенті Ллойд Пакстонды қабылдады. Елбасы компанияның ағымдағы істерімен және оны әрі қарай дамыту жөніндегі жоспарларымен танысты. Атап айтқанда, авиатасымалдаушы ұшақтар паркін төрт Боинг-75710 ұшағымен толықтырмақ ниетте.

Н.Назарбаев «Эйр Астананың» қызметіне қанағаттанғандық білдіре отырып, отандастарымыздың әлеуметтік жағдайы жақсара бастағанымен орай, алдағы жылдары олардың ұшақпен ұшуға деген сұраныстары 4-6 есеге артуы мүмкін, сондықтан, компания іс-қимылдың нақты стратегиясын әзірлеп, сервистік қызметтің сапасын жан-жақты жақсартуы керек, деді.

Әңгіме барысында сондай-ақ, батыс компанияларының Астана мен Алматыға әуе рейстерін ұйымдастыру мәселесі сөз болды.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар