Жаңалықтар

3 қазан 2005
Бүгін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Грузия парламентінің төрайымы Нино Бурджанадзамен кездесті. Грузия парламентінің басшысы Қазақстан басшысының сапарына ерекше ілтипат білдірді.

-Мен Қазақстандағы реформалардың нәтижелеріне таңданыспен қараймын және сіздер жинақтаған тәжірибелер біз үшін өте маңызды. Біз сіздің елмен өзара тиімді ынтымақтастықтың келелі келешегін көреміз, – деп атап өтті Н. Бурджанадзе.

Кездесуден кейін журналистермен өткен брифингте Нұрсұлтан Назарбаев:  
-Нақты экономикалық уағдаластықтар қалыпты жұмыс істеуі үшін келісілген заңнамалық база қажет. Біз қазіргі уақытта Қазақстанда қолданыста бар және алдағы уақытта Грузия қабылдайтын заңдар туралы пікір алмастық. Сондықтан да біздің елдер арасындағы өзара іс-қимылдың маңызы зор, деді.

Мемлекет басшысы Грузияның парламент төрайымы мен парламент депутаттарын парламентаралық ынтымақтастықты орнықтыру үшін Қазақстанға келуге шақырды.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар