Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

24 мамыр 2012
Бүгін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің Бас хатшысы Халил Акынжыны қабылдады.

Х.Ақынжы Мемлекет басшысына Кеңес тарапынан атқарылған жұмыс туралы баяндады, сондай-ақ өткен жылы Алматыда өткен Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесі саммитінің қорытындылары туралы айтып берді.

Кездесу барысында сондай-ақ биыл Бішкекте өтетін алдағы саммит мәселесі талқыланды. Алда өткелі отырған іс-шараның күн тәртібінің негізгі тақырыбы «Білім, ғылым және мәдениет» болмақ.

- Біз Қазақстан Президенті тарапынан өзіміздің ұйым қызметіне қолдауын ұдайы сезінеміз. Бүгін біз Нұрсұлтан Назарбаевтан Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің тиімді дамуына бағытталған нақты тапсырма алдық.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар