Жаңалықтар

26 мамыр 2011
Бүгін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Жаппай қырып-жою қаруын таратпау мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.

Отырыста Комиссияның бұдан бұрынғы шешімдерінің орындалу барысы, сондай-ақ таратпау саласындағы және ядролық қауіп-қатерді қысқарту саласындағы Қазақстанның халықаралық ынтымақтастықтағы өзекті мәселелері қаралды.

Комиссияның төрағасы Семей ядролық сынақ алаңының жабылуының 20 жылдығына орай, ағымдағы жыл дүниежүзінде ядролық қаруды таратпауда әлемдік үдеріс үшін ерекше маңызды жыл екенін атап өтті. Бұл оқиға Қазақстанның және Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ядролық қауіп-қатерді қысқарту мен оны таратпауда жаһандық үдерістегі мойындалған көшбасшылығын тағы да терең танытуға мүмкіндік береді. Бұған «29 тамыз - Семей полигонының жабылған күнін ­- Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні» деп жариялау туралы 2009 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының қарары қабылдануы айқын дәлел болып табылады. Біздің Комиссия еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, Қазақстанның келешекте жаппай қырып-жою қаруын таратпауда жаһандық үдерісте белсенді қатысуын және бұл саладағы Қазақстан Президентінің белгілі халықаралық бастамаларын алға жылжытуды қамтамасыз етуде Мемлекет басшысының саясатын іске асырудың құралы болып табылады. Бүгінгі Комиссия отырысының күн тәртібі осы міндеттерді шешуге бағытталған.

Комиссия отырысының қорытындысы бойынша экспорттық бақылауды одан әрі жетілдіру, таратпау режимін нығайту, сондай-ақ Семей ядролық полигонының жабылғанының 20 жылдығына арналған іс-шараларды жоғары ұйымдастырушылық және мазмұнды деңгейде өткізуге даярлық жасау жөнінде тиісті мемлекеттік органдарға тапсырмалар берілді.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар