Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

21 маусым 2011
Бүгін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің VIII кеңейтілген отырысы өтті.

Отырыс жұмысына Үкімет мүшелері, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, елдегі жастар ұйымдарының көшбасшылары қатысты.

Отырыста мемлекеттік жастарды қолдау бағдарламасының жүзеге асырылу барысы, елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуындағы жастар рөлін арттыру жолдары қаралды.

«Сіздердің алдарыңызда Мемлекет басшысының Қазақстанды әлемдегі дамыған әрі бәсекеге қабілетті елдер қатарына шығару, халқымыздың өмір сүру жағдайын жақсартып, гүлдендіру, елдің халықаралық беделін арттыру жөніндегі бастамаларын одан әрі жүзеге асыру міндеті тұр. Міне, сондықтан да тәуелсіздік жылдары жастарды жан-жақты қолдау, егеменді Қазақстанның патриоттарын тәрбиелеу ісі Н.Ә.Назарбаевтың басты бағыттарының бірі болды», - деді отырысқа қатысушылар алдында сөз алған Мемлекеттік хатшы.

Мемлекеттік органдарда, ғылым мен бизнесте жұмыс істеп жүрген көшбасшы жастар өз кезегінде тәуелсіздік жылдарында Елбасының жастар үшін жасаған аса үлкен мүмкіндіктерін зор алғыспен атап өтті.

Жастар ел алдындағы өз жауапкершіліктеріне тоқталып,  Қазақстанның болашақтағы дамуына жақсы білім және еңбек арқылы зор үлес қосуға дайын екендіктерін айтты.

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің бүгінгі VIII кеңейтілген отырысында қатысушылардың қабылдаған Үндеуінде осындай ұсыныс айтылды.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар