Жаңалықтар

18 мамыр 2012
Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Иран Ислам Республикасының Вице-призиденті Мохаммад Джавад Мохаммадизадені қабылдады.

Мемлекет басшысы қазіргі уақытта Қазақстанның Иранмен әртүрлі саладағы жақсы өзара қарым-қатынасы қалыптасқанын атап өтті.

- Біз сауда-экономикалық әріптестігімізді одан әрі дамытқымыз келеді. Тек 1.3 миллиард долларды құрайтын тауар айналымы біздің елдеріміздің әлеуетті мүмкіндіктеріне сәйкес келмейді. Біз халықаралық және өңірлік құрылымдар – БҰҰ, ШЫҰ және АӨСШК аясында белсенді ынтымақтастық жасап келеміз. Сонымен қатар, біз Каспий теңізінің мәртебесі туралы уағдаластыққа қол жеткізуге мүдделіміз. Осы бағыттағы жұмысты жандандыру маңызды, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Өз кезегінде Иран Вице-президенті де екі ел арасындағы саяси және экономикалық салалардағы жақсы қарым-қатынастарға назар аударды.

-Қазақстанда көптеген іс-шара ең жоғары деңгейде өткізіледі және сіздің елдің халықаралық аренадағы беделі артып келеді. Біз одан әрі ынтымақтасуға дайынбыз. Сіздің саяси еркіңіздің арқасында, біздің әріптестігіміз одан әрі дами беретініне сенемін, - деді Мохаммад Джавад Мохаммадизаде.

Кездесу барысында тараптар сондай-ақ екі жақты қарым-қатыанстардың өзге қырларын талқылап, аймақтық және халықаралық күн тәртібі жөнінде пікір алмасты.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар