Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

8 маусым 2010
Бүгін Мемлекет басшысы, Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңесінің Іс басындағы төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Ыстанбұлда басталған Азия кеңесінің ІІІ Саммитін сөз сөйлеп ашты.
04

Азия құрлығының 90 пайызын және жер шары тұрғындарының тең жартысын құрайтын 22 мемлекеттің басын қосып отырған форумның жұмысын тұжырымдаған Елбасы Н.Ә. Назарбаев өз сөзінде «Қазақстан Іс басындағы төраға ретінде ЕҚЫҰ – Азия Кеңесі форумын құруды ұсынды. Бұл екі ұйымның ынтымақтастығы мен әрекеттестігі Құрлықтың қауіпсіздік платформасын қалыптастыруға жол ашуы тиіс» деп атап көрсетті.

Бұдан кейін Мемлекет басшысы Азия Кеңесіндегі төрағалық тізгінін Түркия Республикасының Президенті Абдулла Гүлге тапсырды.

Төрағалықты қабылдап алған Абдулла Гүл өз сөзінде Қазақстан Президентіне рахмет айтып, Нұрсұлтан Назарбаевтың жаһандық және өңірлік қауіпсіздік пен тұрақтылықты арттыруға қосқан үлкен үлесін атап өтті.

Елбасы сөзінің толық мәтінін мына жерден қараңыз.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар