Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

15 қыркүйек 2011
Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында Орал қаласындағы 5-шағын ауданда болып, су тасқынының салдарларын жоюдың нәтижелерімен танысты.

 

2011 жылғы көктемгі су тасқыны кезінде Оралда 3382 тұрғын көшірілсе, оның ішінде 2097 адам өз үйлеріне қайтып оралды немесе туыстарының үйлеріне орналасты, қалған 1285-і алғашқы кезден 4 эвакопунктке орналастырылған еді.

Су тасқынының салдарларын жою аясында 5-шағын ауданда сәуірде бірқатар тұрғын үй және әлеуметтік нысандар салу қолға алынды. Соның ішінде құрылысының сметалық құны 992 млн. теңге болатын 9 қабатты 240 пәтерлік үй, үш бес қабатты 90 пәтерлік тұрғын үй (501,3 млн. теңге), 290 орынды екі балабақша (әрқайсысы 368 млн. теңге) және 1200 орынды мектеп (1 млрд. 360 млн. теңге). Тұрғын үйлер мен  балабақшаны пайдалануға беру мерзімі – ағымдағы жылғы қазан, ал мектептікі - 2012 жыл.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар