Жаңалықтар

8 мамыр 2012
Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Дмитрий Медведевке Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы қызметіне тағайындалуына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады.

Қазақстан Президенті Дмитрий Медведевтің осы жоғары мемлекеттік лауазымдағы қызметі Ресей Федерациясының одан әрі дамуы мен нығаюына ықпал ететініне сенім білдірді.

«Біздің елдеріміз арасында қалыптасқан достық қарым-қатынастар, белгіленген мақсаттар мен қол жеткізілген уағдаластықтар Қазақстан мен Ресей халықтарының игілігі жолындағы сындарлы әріптестікті кеңейту үшін берік негіз болатынына сенімдімін», - делінген жеделхатта.

Нұрсұлтан Назарбаев Дмитрий Медведевке зор денсаулық және Ресей Федерациясы Үкіметінің басшылығында жаңа жетістіктер, ал ресей халқына – бейбітшілік пен өркендеу тіледі.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар