Жаңалықтар

14 мамыр 2008
Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Әбу-Дабидің мұрагер ханзадасы шейх Мұхаммед бен Заид әл Нахаянмен кездесті.

Кездесу барысында мұнай-газ және инвестиция салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, Қазақстан-әмірлік тікелей инвестициялар қорын құру, мұнай-химия кешенінің құрылысын салу жайы, Әбу-Даби қорының Қазақстандағы қызметі, «Ақтау-Сити» және «Әбу-Даби - Плаза» жобалары мен басқа да бірқатар бірлескен ірі жобаларды жүзеге асыру мәселесі әңгіме болды.


- Мен үшін Сізбен кездесу үлкен құрмет әрі қуаныш болып табылады. Біздің елдеріміз арасындағы ынтымақтастықтың негізі менің әкем шейх Заид бен Сіздің арқаңызда қаланды. Қазіргі кезде БАӘ Президенті шейх Халифа бен Заид әл Нахаян біздің өзара қарым-қатынасымыздың одан әрі дамуына баса назар аударады. Бүгін біз Қазақстанмен бірлесіп атқаратын өзара тиімді жобаларды жүзеге асырудың барлық мәселелері бойынша келістік. Мен екіжақты қарым-қатынас қарқынды әрі табысты дамып отыр деп есептеймін, және де біз болашаққа зор сеніммен қараймыз, - деді кездесу кезінде мұрагер ханзада.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар