Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

3 мамыр 2012
Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) төрағасы Рашид Түсіпбековті қабылдады.

Р.Түсіпбеков Қазақстан Президентіне қаржы полициясы органдарының 2012 жылғы бірінші тоқсандағы жұмысының нәтижелерін баяндады. Мысалы, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, сыбайлас жемқорлықтың анықталуы 23 пайызға, экономикалық қылмыстардың анықталуы 6,5 пайызға артқан.

Ведомство басшысы сондай-ақ Мемлекет басшысын қаржы полициясы қызметкерлерінің кәсіпкерлік қызметіне араласпауы және бизнеске әкімшілік қысымды төмендету жөнінде қабылданған шаралар туралы хабардар етті. Атап айтқанда, кәсіпкерлік субъектілері қызметіне араласу негіздемелерін жою және азаматтар құқығын қорғау мақсатында Астана мен Павлодар облыстарының департаменттерінде қосымша тергеушілердің қосымша тергеу кезеңіндегі рөлін арттыруға бағытталған пилоттық жоба енгізілген.

Мемлекет басшысы кездесудің қорытындысы бойынша Агенттік алдына бірқатар міндеттер қойып, нақты тапсырма берді.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар