Жаңалықтар

4 сәуір 2011
Бүгін Мемлекет бас¬шы¬сы Нұрсұлтан Назар¬бае⬬ «Елбасымен бірге, алға!» атты Жеңімпаздар форумына қатысты.

01

02

«Қазақстан» спорт кешенінде болған бұл шараға 5 мыңнан астам адам қатысты. Олардың қатарында республикалық және өңірлік штабтардың мүшелері, «Қазақстан-2020» жалпыұлттық демократиялық күштер коали­ция­сы, сенімді өкілдер, волонтерлер, сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаевтың көптеген жақтастары мен серіктестері болды.

Форумда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжі­лісінің депутаты, Қазақстан хал­қы Ассамблеясының мүшесі Ро­за­құл Халмұрадов, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің ректоры Ерлан Сыдықов, Қазақ агротехникалық универ­ситетінің студенті Екатерина Хомутова және «Сауап» республикалық қоғамдық қордың төрағасы Бақытбек Смағұл сөз сөйледі.

Форумға қатысушылардың алдында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев сөз сөйледі.

– Құрметті менің қанаттастарым! Бүгін сіздермен ел өміріндегі елеулі оқиғадан кейін бас қосып отырмыз. Біз Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығында үлкен сайлау өткіздік. Төрткүл дүниенің назары Қазақстанға ауды. Ашық, нағыз әділ болған сайлаудың нәтижесінде барша Қазақстан сайлаушыларының 90 пайыздан астамы мені қолдап дауыс берді.

Бұл жеңіс - бәріміздің жеңісіміз, қазақ халқының жеңісі, қазақстандықтардың жеңісі! Қазақстан, қазақ халқы, өзінің болашағын анықтап, елдің ішіндегі бірлікті сақтайтын, бүкіл дүние жүзіне бейбітшіл ел екенін тағы да көрсетті. Жария түрде өткен сайлауға 1059 шетелдік бақылаушылар қатынасып, заңды деп баға берді. Біздің буынның пешенесіне қазақ мемлекетін құру, сол мемлекетті өркениетті елдермен терезесі тең етіп, экономикасы тұрақты, халқының әл-ауқатын жақсарту мәселесі жазылған.

Бұны тарихтын берген үлкен сыйы деп білу керек. Сіздердің Қазақстанның әр өңірінен келгендеріңізді білемін. Соның ішінде, Қоғамдық штаб, одан кейін 29 мыңға тарта менің сенімді өкілдерім, 88 мың волентерлер, сіздер – жастар, сайлаудың өтуіне белсене атсалыстыңыздар. Қазақ халқына, қазақстандықтарға шынайы ризашылығымды білдіріп, басымды иіп, рахметімді айтамын. Құрметті серіктестерім, достарым, өнер адамдары, зиялы қауым! Осы 20 жылда бірге келе жатқан замандастарыма шын жүректен ризашылығымды білдіремін. Әсіресе, мені қуантатыны – жастардың белсенділігі, одан кейін сіздердің белсенділіктеріңіз. Біз қазақтың болашағына жұмыс істеп жатқан халықпыз. Ал болашақ, жастар, сіздердікі! Жеңіс құтты болсын! Барлығыңызды құттықтаймын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш, болашағымыз жарқын болсын.

Құрметті форумға қатысушылар! Сайлаудың алдын ала қорытындылары белгілі бола бастады. Орталық сайлау комиссиясы мені жақтап сайлаушылардың 90 пайыздан астамы дауыс бергенін мәлімдеді. Біз жеңдік! Бұл біздің ортақ жеңісіміз!

Мен барша қазақстандықтарға, Қоғамдық штабқа, «Қазақстан-2020» жалпыұлттық демократиялық күштер коали­ция­сына, менің атымнан осы сайлау науқанын өткізген барлық өкілдерім мен барлық волонтерларға, маған көмектесіп, менімен бірге болғандардың барлығына алғысымды айтамын. Қазақстандықтар осы 20 жыл ішінде әлемге біздің - өркендеген жас мемлекет екенімізді, әлемдік қоғамдастықтың лайықты да құрметті мүшесі екенімізді, біздің күллі әлемге ашық екенімізді, біз демократиялық Қазақстанды құрып жатқанымызды тағы да көрсетті. Сайлау барысына мониторинг жүргізуге 1059 бақылаушы, 200-ден астам шетелдік журналистер қатысты. Шетелдік бақылаушылар сайлау науқаны барысында біздің еліміздің Конституциясы және сайлау заңдарының бұзылғандығы туралы кемшіліктер тапқан жоқ. Мен оларға рахмет айтамын.

Президенттікке кандидаттардың бәріне тең құқық берілді. Олар барлық өңірді аралап шықты. Өз идеялары мен пікірлерін білдіру үшін бұқаралық ақпарат құралдарын тең пайдалану құқығына ие болды. Елеуге тұрарлықтай өте үлкен материал жинақталды, біз оларды жұмыс бабында пайдаланатын боламыз. Мен ашық және әділ өткен осы сайлауға қатысқан Президенттікке кандидаттардың барлығына ризашылығымды білдіремін.

Мен штаб әр ауылды, әр ауданда, әр қалада, әр аулада жұмыс ітегенін білемін. Осы сайлауда көмектескендердің бәріне алғысым шексіз. Бұл маған, әрине, 90 пайыздан жоғары дауыс алған мендей кандидат үшін үлкен міндет жүктейді. Бұл сенсация. Егер әдетте Президент сайлауында халық пен ел әртүрлі партиялық блокқа бөлініп кететін болса, біз бірлігімізді көрсеттік. Егер әлемде қантөгістер, ұлтаралық алауыздық болып жатса, біз біргеміз. Барлық ұлт өкілдері, Қазақстанның барлық дін өкілдері бірге.

Кей елдерде жұмыс орындары қысқартылып, зауыттар тоқтап жатса, біз зауыттар салудамыз, жаңа жұмыс орындарын ашудамыз. Кей елдерде зейнетақыны қысқартып жатса, ал біз оның мөлшерін өсірудеміз. Кей елдерде еңбекақыны қысқартып жатса, біз оның көлемін арттырудамыз. Кеше халық маған мандат берді. Мен оны елімізде индустриалдық-инновациялық бағдарламаны, әлеуметтік жаңғыртуды, сондай-ақ, ауыл шаруашылығын, білімді, медицинаны дамытуды жүзеге асырудағы және  әлеуметтік қорғалған барлық азаматтарға көмек көрсетуге бағытталған бірлескен ауыр жұмысымда одан әрі пайдаланатын боламын.

Ауылдық жерлерде микрокредиттер береміз. Жұмыссыздарды оқытып, мамандық беріп, оларды жұмысқа орналастырамыз. Жастар жаңа индустриалдық кәсіпорындарда жұмыс істеулері үшін оқытамыз. Бұл жаңа бастама. Бұл жаңаша өмір. Біз жастардың ең үздік білім алулары үшін жағдай жасаймыз, оны біздің жас ұрпағымыз әлі арман етпеген болар. Тек шетелдік жоғары оқу орындарында ғана емес, өзімізде университеттер ашамыз. Өзімізде зияткерлік мектептер ашамыз. Осының бәрі біздің еліміздің болашағы үшін жасалмақ. Сіздердің болашақтарыңыз үшін.

Маған зор сенім білдіргендеріңіз үшін сіздерге, сіздер арқылы барша қазақстандықтарға тағы да ризашылығымды білдіремін. Менің бар күш-жігерім, бай тәжірибем, менің ой-арманым Қазақстан халқына қызмет етуге арналады. Әрдайым солай болған және келешекте де солай бола бермек, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар