Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

22 мамыр 2012
Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Шетел инвесторлары кеңесінің 25-пленарлық отырысы аясында Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Томас Мировпен кездесті.

Кездесу барысында Мемлекет басшысы Еуропалық қайта құру және даму банкімен жақсы әріптестік өзара қарым-қатынастарды атап өтті.

- Шетелдік инвестиция Қазақстанның дамуына зор үлес қосты. Біздің еліміз Орталық Азиядағы ең инвестиялық тартымды мемлекет болып қала береді, және дағдарыс құбылыстарына қарамастан, бізде банктік жүйе орнықты. Біз көп жылдан бері ынтымақтастық орнатып келеміз, және бұл өзара тиімді ынтымақтастық. Бүгін біз үшін еуропалық және жаhандық экономиканың даму үрдістері туралы сіздің пікіріңізді тыңдау маңызды, - деді Қазақстан Президенті.

Өз кезегінде Томас Миров Қазақстанмен тиімді ынтымақтастықты жалғастыру ниетін білдірді.

Еуропалық қайта құру және даму банкі Орталық Еуропадан Орталық Азияға дейінгі 29 елдегі жобаларды қаржыландырылатын халықаралық ұйым болып табылады. Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне капитал сала отырып, Банк ашық рыноктық экономиканы қалыптастыруға көмек көрсетеді. ЕҚДБ 2012 жылы Қазақстандағы 450 миллион еуро сомасындағы инвестициялық жобаларды қаржыландыру ниетінде.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар