Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

17 сәуір 2011
Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелерімен, әкімдермен, орталық мемлекеттік органдардың, «Нұр Отан» ХДП және «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ жетекшілерімен кеңейтілген мәжіліс өткізді.

005

006

Өз сөзінде Президент Үкіметтің және барлық мемлекеттік органдардың басты міндеті - халқымыздың әл-ауқатын жақсартуды қамтамасыз ету болуы қажеттігін атап өтті. Таяу бесжылдықта Қазақстан табысы жоғары деңгейлі елдер тобына енуі қажет. 2016 жылға қарай ЖІӨ деңгейі жан басына шаққанда кемінде 15 мың долларға жетуі тиіс. Бұл үшін экономика жыл сайын кемінде 7 пайыздық өсім көрсету керек.

Мемлекет басшысы принципті түрде алғанда, Үкіметтің және әкімдердің жаңа міндеті – шағын және орта бизнесті, шикізат емес секторды жіті дамыту есебінен экономиканың жыл сайынғы өсімін тағы да қосымша 3 пайызға жеткізуді қамтамасыз ету болып табылатынын атап көрсетті.

Нұрсұлтан Назарбаев аталған міндеттерді шешудің үш көзі барын атап өтті: инвестиция тарту; инновацияны енгізу; мемлекеттік және қоғамдық институттардың тиімділігін арттыру.

Инвестицияны тарту бағытында Индустралдық-инновациялық бағдарлама Үкіметтің басты жұмысы болып қала береді. Бағдарламаны іске асыру шағын және орта бизнестің дамуына жағдай жасайтын болады.

Мемлекет басшысы кәсіпкерлерден сот жүйесіндегі, жергілікті билік органдарындағы, қаржы полициясындағы сыбайластыққа байланысты шағымдар түсіп жатқанына тоқталып өтті.  Мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау міндеттерінің тізбесін қысқарту ісі баяу жүргізілуде. Тәуекелдерді басқару жүйесін енгізуде тексерістерді тиісінше қысқартуды талап ететін «Жеке кәсіпкерлік туралы» және «Мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» заңдар қабылданды. Президент осы мәселені шешу қажеттігіне тоқталды.

Мемлекет басшысы бағаның өсуіне, оның ішінде азық-түлік бағасының өсіп  кетуіне назар аударды. БҰҰ халықаралық азық-түлік ұйымының мәліметтері бойынша, әлемде азық-түлікті тұтыну бағасы артуда. Алайда Қазақстан өнімдерді және оны өңдеуді ұлғайтуға инвестиция тарту арқылы осы тығырықтан жол тауып шығуы керек. Қазақстан - өзін-өзі және ауыл шаруашылығы өнімдерін дамытуды қамтамасыз ете алатын бірден-бір ел. Сондықтан 2020 аграрлық нарығы – индустрияландыру бағдарламасының перспективалық басымдықтарының бірі.

Мемлекет басшысы сондай-ақ жүкті жедел ресімдеу, елдің транзиттік мүмкіндігін дамытуда мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті енгізу мәселесін шешу жөнінде ұсыныстарды қарауға енгізуді Үкіметке жүктеді.

Нұрсұлтан Назарбаев инвестицияның күрт ұлғаюы үшін біздің еліміздің алып транзиттік әлеуетін кеңінен пайдалану керектігін атап көрсетті. Көлік және коммуникация министрлігінің жаңа басшысы, барлық облыс әкімдері ел аумағы арқылы тауарлардың, жұмыс күштерінің, адамдардың, әсіресе туристердің еркін қозғалуына барынша қолдау көрсету жолдарын белсенді іздестіруі керек. Көлік дәліздерін дамыту бойынша өңірлік, мемлекетаралық ынтымақтастықты, әсіресе интеграциялық келісім аясында  белсенді дамыту қажет. Елдің шығысында Қорғас, батысында Ақтау айлағы шынайы экономикалық аймаққа, яғни Қазақстанның ашық қақпасына айналуы керек. Үкімет еркін экономикалық аймақты дамытуды тежеу себептерін талдауы және жоюы тиіс. Үкімет ұлттық авиатасымалдаушы компанияны заманауи әуе лайнерлерімен толықтырып, азаматтық авиация істерінде бәскелестікті дамытуы қажет.

Мемлекет басшысы Кеден одағы мен БЭК жағдайында Қазақстан бәсекелестікке мемлекет ретінде ғана емес, сондай-ақ облыстар, салалар мен компаниялар деңгейінде түскенін атап өтті. Сондықтан салааралық және облысаралық кооперацияны қамтамасыз ету маңызды. Бұл міндетті 2020 жылға дейінгі аумақтық-кеңістікті дамытудағы болжамды схема шешуі қажет.

Инновацияны енгізу бағытында Президент тарапынан бүгінде дамудың саналы стратегиясы бар елдің бәрі инновация бойынша бәсекеге түскені атап өтілді. Қазақстан одан сыртқары қалмауы керек. Инновация болашаққа жол – жалпыұлттық басымдық ретінде жария етілген болатын.

Президент бұл мақсатта жетістіктерге жету үшін Қазақстан әлемдік деңгейдегі білім орталығына айналуы керектігін атап көрсетті. «Назарбаев университеті» серпінді жоғары оқу орны болу керек.

Сондай-ақ ағылшын тілін оқытуды бірінші сыныптан енгізу қажет. Мемлекет басшысы Үкіметке 2016 жылға дейін «үш тұғырлы тілді» оқытуды енгізуді тапсырды.

Экономикалық прогресс – бұл бірінші кезекте, таланттар. Талантты адамдарды тауып, дамытып, жұмысқа тартып, пайдалану керек. Олар инновациялық ақыл-ойды қалыптастырады. Бәрінен бұрын, «Болашақ» бағдарламасының әлеуетін пайдалану керек. Сонымен қатар, техникалық мамандықтар бойынша білікті кадрларды даярлауды жеделдету қажет.

Президент Үкіметке болашақтықтарды жұмысқа орналастыру мәселесін қадағалауды және нақты жағдай туралы ұдайы баяндап отыруды тапсырды. Бұл бағдарламаның анағұрлым лайықты түлектері жетекші лауызымдарда жұмыс істеулері және қызметте көтерілулері керек.

Бірінші кезекте, «Болашақ» бағдарламасымен магистрлерді және Phd докторларын оқыту керек. 2012 жылдан бастап «Болашақ» бағдарламасының тәжірибесі бойынша қазақстандық оқытушыларды шетелдік білім беру орталықтарында оқыту үшін арнайы білім беру гранттарын қарастыру қажет. Бірінші кезекте осы бағдарлама бойынша.

Үкіметке ОЭСР елдерінде визасыз режимге өту мәселесін пысақтау қажет.

Инновациялық қызметті кеңінен тарату үшін Үкіметке өнімділік және инновациялық салалық орталықтарын құру тапсырылды. Олар тікелей өнеркәсіп кәсіпорындарымен жұмыс істеулері керек.

Инновациялық жобаларды венчурлық қаржыландыруды кеңейтуді қамтамасыз ету қажет.

Инновациялық ортаны дамыту үшін интеллектуалды меншікті қорғау жөнінде жаңа заңнама қажет. Қазақстандықтар арасында инновациялық көзқарасты қалыптастыру үшін Астанада Қазақстанның ғылымы мен технологиясының жетістіктерінің көрмелер кешенін құру міндеті тұр.

Инновациялық өсімнің орталық нүктесі, деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев, Астанадағы жаңа Халықаралық университет және Алматы маңындағы Алатау кентіндегі Ақпараттық технологиялар паркі болуы мүмкін.

«Самұрық-Қазына» барлық ұлттық компаниялардың алдына инновациялық жобаларды әзірлеу және енгізумен айналысу міндетін қоюы тиіс.

Мемлекет басшысының айтуынша, егер еліміз бойынша 100 жобаны таңдап алып, оның ішінде 10-20-сын іске асыру мүмкін болса, онда бұл «болашақты жеңіп алу» болар еді. Бұл өздерін құрметтейтін және ХХI ғасырда алғашқылардың қатарында болғылары келетін барлық мемлекеттің ұраны.

Мемлекет басшысы мемлекеттік және қоғамдық институттардың тиімділігін арттыру бөлігіне қатысты, күшті мемлекет, тиімді мемлекеттік саясат, кәсіби кадрлар -  бұл стратегиялық жоспардың табысының үш базалық шарты, деп атап көрсетті.

Президент тарапынан мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі Жарлыққа қол қойылды. Атап айтқанда, Экономикалық даму және сауда министрлігіне (ЭДСМ) бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметтік шектеу, тариф, салық, кеден және бюджеттік саясат жөніндегі саясат беріледі. Жүзеге асыру ісі профильді ведомстволарда қалады. ЭДСМ барлық ведомстволардың даму стратегиясын жоспарлау және жұмысты үйлестірудегі орталық орган болуы керек.

Ұлттық Банкке қаржыны қадағалау және қаржы рыноктарын реттеу функциясы, Алматы қаласында өңірлік қаржы орталығын дамыту мәселесі берілді.

Бұл шаралар стратегиялық және экономикалық жоспарлаудағы өзара байланысты күшейтеді, сондай-ақ мемлекеттің экономикалық саясатын қаржылық реттеу жұмыстарын үйлестіруді арттырады.

Атом саласындағы жоғарытехнологиялық дамуды қамтамасыз ету үшін Үкіметке Атом энергетикасы бойынша агенттік құру мәселесін пысықтау тапсырылды. Сондай-ақ архитектуралық-құрылысты бақылау және лицензиялау фнкуцияларын орталық деңгейінде нығайту мәселесін ойластыру қажет.

Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» ӘҚ алдына жаңа міндеттер қойды. Қор мемлекеттік дағдарысқа қарсы шаралар операторы рөлін табысты орындады. Енді барлық сатып алынған банктік активтерді Ұлттық банкке беру керек.

Қорға қарасты Даму институттарын тиісті министрліктерге беру керек. ЭДСМ-не «Даму» Қоры, ал ИЖТМ-не – Даму банкі тобы, «Қазына кэпитал менеджмент» Қорын қоса алғанда, «Қазақстанның Инвестициялық қоры» АҚ, «КазЭкспоГарант» АҚ беріледі.

«Самұрық-Қазына» Қоры оның құрамына кіретін құрылымдарды, оны ұлттық геологиялық компаниялармен толықтырып, ұлттық компанияларды тиімді корпоративтік басқаруды қамтамасыз етуге топтастыруы керек. Қордың Директорлар Кеңесі жаңа басшы етіп Т.Құлыбаевты сайлады. Ол Қорға құрылған кезіндегі қызметін қалпына келтіріп, біздің компаниялардан ұлттық чемпиондарды өсіруі тиіс.

Мемлекет сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейтуді және кадрлық саясат мәселесін шешуді жалғастыруға назар аударуы керек. Департаменттер мен комитеттер басшылығының, орынбасарларының арасындағы кез келген жемқорлық орын алған жағдайда, бірінші басшы жедел түрде отставкаға кетуі тиіс.

Анағұрлым талантты, перспективасы бар, мемлекет идеясына шынайы берілген, жоғары білікті мамандардан кадрлық резерв жасақталуы қажет. Бұл жұмыс бірінші кезекті және ұзақ мерзімді сипат алуы керек.

Үкімет Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттікпен бірлесіп үш ай мерзімде кәсібилендіру және мемлекеттік қызмет жөнінде нақты ұсыныстар енгізулері қажет.

Президент мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттырумен айналысуды тапсырды. Бұл үшін стандарттарды жақсарту, үдерістерді оңтайландыру және «электронды қызмет көрсетуді» енгізу қажет, бірінші кезекте Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көмек көрсету керек.

Құқықтық жүйені дамытуда барлық құқық қорғау органдарында, сот жүйесінде парақорлықты жою талап етіледі. Дауды шешуде соттан тыс тәжірибені белсенді дамыту керек. Меншік құқығын қорғауда абсолютті қорғау болуы тиіс.

Өңірлік және фискалдық саясатты жүргізу қажет. Бұл үшін ұзақ мерзімге арналған (7-10 жыл) мемлекеттік қаржы жағдайына және шығынның тиімділігін арттыруға талдау жасау керек. Үкімет бюджеттік тапшылықтың ұзақ мерзімді оңтайлы деңгейін анықтауы керек. Ол экономиканың инвестициялық белсенділігін және бюджеттік міндеттемелердің орнықтылығын қамтамасыз етуі тиіс.

Жергілікті өзін-өзі басқаруды едәуір дамытуды жалғастыру керек. Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметке мемлекеттік өкілеттіктің бөлігін жергілікті органдардың басқаруына беруді тапсырды. Бұл мәселе тікелей елді мекендерді көріктендіруге, соның ішінде жергілікті жолдар, инфрақұрылым, ауыз су, мектеп және аурухана құрылыстарына, парктер, клубар және өзгеге қатысты.

Мелекет басшысы сондай-ақ облыстар әкімдеріне бірнеше қосымша тапсырма берді.

Біріншіден, индустриалдық-инновациялық жобаларды белсенді қолдауды және толыққанды іске асыруды жалғастыру.

Екіншіден, бағаның негізсіз өсу, әсіресе азық-түлік бағасының өсуінің жолын кесу.

Үшіншіден, барлық өңірлерде көктемгі-егістік науқандық жұмыстарын сапалы жүргізуді қамтамасыз ету.

Төртіншіден, әлеуметтік саладағы проблемалардың шешілуіне ерекше назар аудару.

Бесіншіден, 2010 – 2011 жылдардағы жылу мауысымынан қорытынды шығару және жаңа мауысымға әзірлікті бірден бастау қажет.

Президент Әкімшілігіне барлық тапсырмалардың орындалуына бақылау жасау тапсырылды.

Кеңесте сондай-ақ Премьер-Министрдің орынбасары – Индустрия және жаңа технологиялар министрі Ә.Исекешев, Маңғыстау облысының әкімі Қ.Көшербаев, Парламент Сенатының депутаты А.Башмаков, Қостанай облысының әкімі С.Кулагин сөз сөйледі.

Кеңес соңында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімов сөз сөйледі:

- Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Бұдан екі апта бұрын бүкілхалықтық сайлауда Сіз қазақстандықтардың 95,5 пайыз қолдауына ие болдыңыз. Менің Сізді осы залда отырғандардың атынан тағы да осы теңдессіз жеңісіңізбен құттықтағым келеді. Екі аптаның ішінде Сіз барлық атқарушы биліктің органдарын қалыптастырып, қайта бекіттіңіз. Үкіметке толық құрамда, жеке маған Үкімет басшысы ретінде Сіз жоғары сенім мандатын бердіңіз. Сіздің тапсырмаңыз бойынша біз Президент Әкімшлігінің Басшысы Аслан Есболайұлы Мусин екеуіміз барлық облыста болып қайттық. Барлық облыстағы активтердің отырысында сезінгенімдей, атмосфера осы 95,5 пайызды нақты айқын көрсеткенін атап айтқым келеді. Бұл 100 пайызға анық сезінді. Сондықтан Сізге берілген сенім мандаты және Сіз атқарушы билікке берген тапсырмалар, бұл біздің алдымызға өте жоғары талаптар қояды. Сіздің тарапыңыздан Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму Стратегиясында, 2020 жылға дейінгі Стратегиялық жоспарда, Сіздің биылғы жылғы қаңтардағы Жолдауыңызда, «Нұр Отан» ХДП съезінде сөйлеген сөзіңізде, ұлықтау рәсіміндегі сөзіңізде алға қойған міндеттер бүгін де өте маңызды. Мен осы залда отырғандардың атынан ол міндеттер қатаң бақылауға алынатынына Сізді сендіргім келеді. Ертең Үкіметтің арнайы отырысы өтетін болады. Сіз берген барлық тапсырма орындалатынын айтқым келеді. Қазақстанның Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай бүгін алға қойған міндеттер де орындалатын болады. Біз сіздің алдыңызда есеп береміз. Үлкен сенім білдіргеніңіз үшін рахмет!


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар