Жаңалықтар

17 мамыр 2012
Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің төрағасы Мәжит Есенбаевты қабылдады.

М.Есенбаев Президентке ведомствоның ағымдағы жұмысы туралы баяндады.

Кеден қызметінің жұмысын жаңғырту мақсатында, қазіргі уақытта Комитет тарапынан кедендік шекара арқылы күмәнді жүктерді декларациялау тәжірибесін жоюға және тауарларды өткізу жылдамдығын арттыруға бағытталған кешенді іс-шаралар іске асырылуда.

- Бүгінге дейін бақылаушы органдарды, шекарада өткізу бекетінде талап етілетін рұқсаттамалық құжаттарды қысқарту жөнінде жұмыстар белсенді жүргізілуе. Сіздің тапсырмаңыз бойынша кеден қызметінен салық органына жанама салықтарды – ҚҚС және акциздерді алуды әкімшілендіруді беру үдерісі жүруде, - деді М.Есенбаев.

Сонымен қатар Комитет басшысы Президентке кедендің рәсімдер бойынша мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын енгізу және тәуекелдері басқаруды автоматтандыру жүйесінің барысы туралы айтып берді.

Бұдан басқа, М.Есенбаев бүгінде Қазақстанның кедендік транзиттік жүйесін Ресей мен Беларусь транзиттік жүйелерімен ықпалдастыру жүргізілгенін мәлімдеді. Кеден одағы аумағынан экспортталатын тауарларды шығаруды іс жүзінде бекітудің автоматты рәсімдері жүргізілуде. Кеден одағына мүше елдердің кедендік органдарының ресімделген тауарлары туралы ақпарат алмасу жүзеге асырылуда.

Қазіргі уақытта Қазақстан ұлттық экспедиторлар қауымдастығымен бірлесіп, Қытайдан теміржол көлігімен тасымалданатын жүктерге қатысты алдын ала ақпараттандыру жүйесін құру жөнінде жұмыстар атқарылуда.

Осы және өзге іс-шараларды іске асыру кеден мен бизнес арасында әріптестік қарым-қатынастардың орнауына мүмкіндік туғызады және елдің транзиттік әлеуетінің едәуір артуына көмектеседі. Бұл өз кезегінде елдің бюджетін кедендік төлемдер алу есебінен тиімді толтыруға мүмкіндік береді.

Кездесудің қорытындысы бойынша Нұрсұлтан Назарбаев Кедендік бақылау комитеті алдына бірқатар міндет қойып, нақты тапсырма берді.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар