Жаңалықтар

9 маусым 2010
Бүгін Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Маңғыстау облысына жасаған жұмыс сапары аясында Ақтау қаласында бірқатар нысандарды аралап көрді.

01

02

Елбасы жұмыс сапарын облыстық инвестициялық жобалармен танысудан бастады. Іске асыру орындарымен тікелей телекөпір арқылы байланыс жасаған Мемлекет Басшысы жаңа жобаларға табыс тіледі.

Оралмандарға арналған жаңа бейімдеу және кіріктіру орталығына келген Елбасы шет елдерден келген қандастармен кездесті.

Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев жұмыс сапары аясында Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінде болып, оқу орнының заманауи технологиялармен жабдықталған жаңа оқу ғимаратын арап көрді.

Ақтау қаласының әмбебап сауда орталығын аралап көрген Елбасы одан кейін «Ақтау» сауда-ойын-сауық кешеніне келіп, қала тұрғындарымен әңгімелесті.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар