Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

9 мамыр 2012
Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Отан қорғаушылар» монументіндегі «Мәңгі алауға» гүл шоқтарын қойып, қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады.

Қазақстан Президенті Ұлы Отан соғысында қайтыс болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Мемлекет басшысы өз сөзінде Қазақстаннан 1 млн. 800 мың адам майданға аттанып, шамамен жартысы қайтып оралмағанын еске салып өтті.

«Жыл өткен сайын ардагерлердің саны азайып келе жатыр. Ардагерлер ұдайы мемлекеттің назарында болады. Біздің міндетіміз ардагерлерге тек материалдық көмек көрсету ғана емес, оларға қамқорлық көрсетіп, үнемі көңіл бөліп отыру. Жастарымыз аға ұрпақтан ерлік пен патриотизмнің тәлімін алуы үшін, олармен жиі сөйлесулері керек», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы Қазақстан майдангерлер мен тыл еңбеккерлерінің ерліктерін ұмытпайтынын ерекше атап өтті.

«Егер біз Отанды қалай қорғау керектігін есте сақтасақ, егер біз ардагерлерімізге жақсы қамқорлық жасасақ, онда біздің болашағымыз бекем болады. Біз - жеңімпаз аталар мен әкелердің перзенттеріміз. Олардың Жеңістерінің арқасында біздің замандастарымыз бақытты өмір сүруде. Біз тізе бүгіп, жеңімпаз майдангерлерге үлкен алғысымызды айтамыз»,- деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев ардагерлерді ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтап, барша қазақстандықтарға  зор денсаулық, бақыт және ашық аспан тіледі.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар