Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

14 наурыз 2012
Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ түсірген «Армандастар» атты көркем фильмнің премьерасын тамашалады.

Фильм Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегерлері туралы. Көркем фильмде Қазақстанның барлық өңірінен келген студенттер тағдыры, таңқалдырарлық тарихы көрініс тапқан. Фильм нақты оқиғаларға негізделген.

Фильмнің сюжетіне әлемнің жетекші университеттеріне оқуға түскен жас қазақстандықтардың тағдыры арқау болады. Әр кейіпкердің өз тарихы, өз оқиғасы бар.

Фильм жалпыұлттық прокатқа 2012 жылғы 15 наурызда шығады.

Фильмнің режиссері – Ерлан Сағынов. Басты рөлдерде ойнағандар: Әділ Ахметов, Елдар Отарбаев, Айнара Рысдәулетова, Марлен Жұмақов, Ғабит Мұстафа, Андрей Марычев.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар