Кездесу барысында Қазақстан Президенті мен компания басшысы өзара ынтымақтастықты дамыту перспективасын талқылады.
«Гленкор» компаниясы әлемдегі автомобиль, металлургиялық, азық-түлік және энергетикалық салалардағы өнеркәсіп және шикізат тауарларын ең ірі жабдықтаушылардың бірі болып табылады.
Қазақстанда «Гленкор» компаниясының «Қазмырыш» ЖШС, «Алтынтау Ресорсиз» АҚ, «Қазақстан астық компаниясы» ЖШС және «Екібастұз Богатырь Көмір» ЖШС-де үлестік иелігі бар.