Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

22 мамыр 2012
Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Шетел инвесторлары кеңесінің отырысы аясында «Ресей Жинақ банкі» АҚ-ның басқарма төрағасы Герман Грефпен кездесті.

Кездесу барысында Қазақстан Президенті мен Ресей банкінің басшысы одан әрі ынтымақтастық перспективаларын талқылады.

Г.Греф «Жинақбанкі» АҚ еншілес банкі Қазақстанда дамудың жоғары қарқынын көрсеткенін атап өтті.

- Таяу бес жыл ішінде біз Қазақстандағы негізгі банктердің біріне айналуды ниет етіп отырмыз. Сізге барлық рынокқа қатысушыларға тең бәсекелестік жағдайды қолдағаныңыз үшін рахмет айтқым келеді, - деді банкир Нұрсұлтан Назарбаевқа.

«Жинақбанкі» АҚ ЕБ -  біздің республикада бес жылдан астам уақыт қаржы рыногында табысты жұмыс істеп келе жатқан «Ресей Жинақ банкінің» Қазақстандағы еншілес банкі. Экономиканың нақты секторындағы инвестиция 2011 жылы 400 миллиард теңгені, 2008 жылдан бастап – 888 миллиардтан астам теңгені құрады.

Еншілес банкінің Қазақстандағы таза пайдасы 2011 жылдың қорытындысы бойынша 11 миллиард теңгені құрады, бұл 2010 жылдан 4,2 есе артық. Банкінің автивтері 1,7 есеге артып, 491 миллиард теңгені құрады. 2012 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша банк автивтер көлемі бойынша алтыншы орынды иеленді.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар