Кездесу барысында тараптар екіжақты қарым-қатынасты дамыту мәселелерін, сондай-ақ өзара мүдделестікке ие халықаралық проблемаларды, оның ішінде Таяу Шығыста бейбітшілікті нығайту жолдарын талқылады.
- Біз араб әлеміндегі аса маңызды ел – Сирияның дамуын жіті бақылап отырамыз және осы елмен жоғары деңгейдегі қарым-қатынастар орнатқымыз келеді. Мен Президент Башар Асадтың шақыруын қабыл алдым және де осы жылдың қараша айында Дамаскіге сапармен барамын. Осы сапар біздің қарым-қатынастарымызды жаңа деңгейге көтереді деп үміттенемін, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Сирия Сыртқы істер министрі Уалид әл-Муаллим Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік дамуына Сирияның берген жоғары бағасы туралы Президентті хабардар етті.
- Сирия Қазақстанмен түрлі салаларда, атап айтқанда экономика, әлеуметтік қатынастар, мәдени өзара іс-қимыл және саяси мәселелерде мықты әріптестік байланыстарды орнатуға ниетті, - деп мәлімдеді Уалид әл-Муаллим журналистерге арналған брифингте.