Мұнда Мемлекет басшылары Қ.А.Иасауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін аралап көріп, оқытушылар-профессорлар құрамы және студенттермен кездесті.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде: «Баршамыз байырғы баба – батыр түркінің кіндігінен өсіп-өнген ұрпақпыз. Тіліміз жақын, тілегіміз бір. Тағдырымыз ұқсас, тарихымыз ортақ» деді.
Кездесу барысында Түркия Республикасының Президенті Абдуллаһ Гүлге оқу орнының құрметті докторы дипломы тапсырылды. Көрсетілген құрметке рахмет айтқан Абдуллаһ Гүл, Қазақстан Президентінің жаһандық бейбітшілік пен өңірлік ынтымақтастықтың дамуына қосқан үлесін ерекше атап көрсетті.
Сонымен қатар екі ел басшылары Қ.А. Иасауи кесенесінде болды.