Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

23 мамыр 2012
Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев V Астана экономикалық форумы аясында бірқатар халықаралық ұйымдардың өкілдерімен кездесті.

Көптарапты кездесуге БҰҰ Бас хатшысының экономика және әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Ша Цзукан, Халықаралық валюта қорының директоры-басқарушысы орынбасары Мин Жу, Бүкіләлемдік сауда ұйымы Бас хатшысының орынбасары Алехандро Хара, БҰҰ сауда және даму жөніндегі Конференциясының Бас хатшысы Петко Драганов, Бас хатшының орынбасары, БҰҰ елді мекендер жөніндегі бағдарламасының атқарушы директоры Хоан Клос қатысты.

Қазақстан Президенті біздің еліміз Астана экономикалық форумын өткізуге үлкен мән беретінін атап өтті.

- Осы арқылы біз әлемдік экономиканың тұрақтылық ісіне өз үлесімізді қосамыз. Әр жыл сайын форум қатысушылардың көп санын жинауда, оның халықаралық беделі артуда. Біз үшін сіздердің осы іс-шараға белсенді қатысуларыңыз маңызды, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Өз кезегінде кездесуге қатысушылар Қазақстан Президентіне шақыруы үшін алғыс айтып, Астана экономикалық форумының мәртебесінің жоғары екенін атап өтті.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар