Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

24 мамыр 2012
Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Жамбыл облысына жұмыс сапары аясында өңірдегі бірқатар индустриялық жобалардың іске асырылу барысымен таныс болды.

Президенттің жұмыс сапарының бағдарламасы  «Тараз металлургия зауыты» ЖШС өндірістік цехын аралаудан басталды. Металлургия зауытын жаңғырту жобасының құны 11,5 миллиард теңгені құрады және Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында жүзеге асырылды. Осы жобаны іске асырудың нәтижесінде 300 жаңа жұмыс орны ашылды. Зауыттың жобалық қуаты - жылына 120 мың тонна ферроқорытпа өндіру.

Осындағы металлургия зауытында Нұрсұлтан Назарбаев арнайы көрме аясында «Қазфосфат» ЖШС мен «Еврохим тыңайтқыш» ЖШС қызметтерімен танысты. Жаңа индустриялық жобаларды таныстыру барысында Индустрия және жаңа технология министрлігі мен «Еврохим тыңайтқыш» компаниясы, сондай-ақ «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы мен Оңтүстік-қытай вагон-локомотив корпорациясы арасында стратегиялық серіктестік туралы келісімге қол қойылды.

Одан кейін Мемлекет басшысы «Мыңарал Тас компаниясы» ЖШС цемент шығаратын зауыты жұмысшыларына жаңа пәтер кілтін салтанатты тапсыру рәсіміне байланысты арнайы телекөпірге қатысты.

- Сіздерді зауыттың іске қосылуымен және қоныстарыңызбен құттықтаймын. Аталған зауыт француздық серіктестерімізбен келісімнің қорытындысы бойынша салынған өңірдегі көптеген индустриялық жобалардың біреуі болып табылады. Цемент өндірісі Жамбыл облысы мен бүкіл Қазақстан үшін өте маңызды саналады. Өздеріңіз білесіздер, Балқаш электр стансасының құрылысы жөніндегі үлкен жоба осы жерге таяу маңда іске асырылуда, сондықтан цемент шығаруға сұраныс көп болады. Бүл облыс пен күллі Қазақстан үшін өте маңызды. Сіздерді құттықтаймын және алдағы уақытта табыс тілеймін, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар