Жаңалықтар

6 маусым 2006
Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Демократиялық реформалар бағдарламасын әзірлеу және нақтылау жөніндегі мемлекеттік комиссияның үшінші отырысы өтті.
3.jpg

Еркін, ашық демократиялық қоғам болу - Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігінің  
маңызды құрамдас бөлігі. Елдің болашағын ойлай отырып, әуелі экономиканы өркендетуге барынша күш салған осы 15 жылдағы еңбегіміз өз жемісін беріп отыр. Алдымен халықтың әл-ауқатын жақсартып, мемлекеттің мәртебесін биіктету, оның абыройын дүниежүзі алдында асқақтату, Қазақстанның беделін жоғары ұстау біз үшін еш оңайға соққан жоқ. Бүгінге дейін қанша заңдар қабылданды. Осы қолданыстағы Конституциямыздың арқасында толайым табыстарға қол жеткізіп отырмыз. Сондықтан да егер Конституцияға өзгеріс енгізетін болсақ, ол түбегейлі өзгеріске ұшырамау керек. Өйткені өткен сайлауда еліміздің түгелдей дерлігі бүгінгі жүргізіп отырған саясатты қолдады. Елімізде ешқандайда саяси дағдарысқа орын берілген жоқ.  Мемлекетіміз, халқымыз өркендеп өсіп келеді. Ал өркен жайып келе жатқан даңғыл жолымызды өзгертеміз деп, оған керісінше кедергі жасамауымыз керек. Бұл ретте әруақытта халықпен ақылдасып отырғанымыз абзал,-деді Мемлекет басшысы.

 

Отырысқа қоғамдық және саяси қайраткерлер, саяси партиялардың жетекшілері, Қазақстан халықтары ассамблеясы мен Кәсіподақтар федерацияларының өкілдері, қоғамдық бірлестіктер жетекшілері, Парламент палаталары төрағаларының орынбасарлары мен депутаттар, Үкімет мүшелері қатысты. Алқалы басқосуға Премьер-министр Даниал Ахметов, Ауыл шаруашылығы министрі Ахметжан Есімов, “Отан” партиясы Төрағасының орынбасары Бақытжан Жұмағұлов, ОСК төрағасы Оңалсын Жұмабеков, Мәдениет және ақпарат министрі Ермұхамет Ертісбаев, Парламент Мәжілісінің депутаты, “Асар” партиясының төрайымы Дариға Назарбаева қатысты.

 

Отырыста  Үкіметтің Қазақстан Республикасында демократиялық реформаларды тереңдету жөніндегі 2006 жылға арналған іс-қимыл жоспары мақұлданды.

 

Комиссия мүшелері сондай-ақ елімізде жергілікті өзін өзі басқару және әкімдердің сайланбалы жүйесін енгізу мәселелерін қарады.

 

Жергілікті орындарда басқарудың тиімділігі мен мөлдірлігін арттыруға аудандардың 30%-ындағы әкімдердің сайланып қойылуын енгізу жәрдемдесетін болады. Сондықтан да мұнда біз бәрін мұқият зерттеп, ақылға салып көруіміз керек. Қазақстанның мүдделері, біздің халқымыздың мүдделері – міне, біз өз жұмысымызда басшылыққа алатын басты нәрсе осы,-деп атап өтті Мемлекет басшысы.

 

Отырыста сонымен бірге Азаматтық қоғам институттарын дамыту тұжырымдамасы бекітілді.

 

Біз бүгін жергілікті өзін-өзі басқару туралы заң жобасының тұжырымдамасын мақұлдай отырып, елді демократияландыру бағытында да маңызды қадам жасадықЖергілікті өзін-өзі басқару – бұл нақты демократия, іс үстіндегі демократия деп кездейсоқ айтылмаса керек,- деді Мемлекет басшысы.


Елбасының сөйлеген сөзінің мәтінін мына жерден оқисыздар.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар