Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

2 қыркүйек 2007
Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Парламентінің төртінші шақырылымының бірінші сессиясын ашық деп жариялады.
big-парламент1.JPG

18 тамыздағы сайлауда дауыс беру қорытындысы бойынша «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы өзінің заңды және лайықты бағасына ие болды. Бұл жеңіс – уақыт ұйғарымы, өмір пайымы. Экономикамыз күн өткен сайын өркендеп, қазақстандықтардың игілігі артуда, елімізде келісім мен тұрақтылық берік орын алған. Халық біздің осы саясатымызды қолдайтындықтарын білдіріп, бізге келесі бес жылдыққа мандат берді, сенім артты. Сондықтан да біз сайлау нәтижесін басты ұстанымымыз – жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан орнату бағытында даму деп қарағанымыз жөн, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.


Мемлекет басшысы сайлаудағы басым жеңіс «Нұр Отан» партиясының депутаттарынан еліміздің барлық азаматтарының, соның ішінде басқа партияларға дауыс берген қазақстандықтардың да мүдделерін қорғауға міндеттейді. Бүгінде қазақстандықтар Парламенттің жаңа құрамы мен «Нұр Отан» партиясына үлкен сенім артып отырғанын атап өтті.


- Бұл депутаттық корпустың партиялар айналасында ұйымдасуын, үйлесімді жұмыс істеуін қажет ететіні анық. Демек, бұны халықтың үмітін, сенімін ақтай отырып, партияның сайлауалды тұғырнамасының әр тармағының жүзеге асуын қамтамасыз ету деп түсінген жөн.

Аталған міндеттердің жүзеге асуы үшін Сіздер жаңа тұрғыдағы заңдарды қабылдап, олардың іске асуына қатаң бақылау жасайтын боласыздар, - деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев сонымен қатар өткен шақырылымдағы депутаттарға табысты қызметтері үшін алғыс білдірді. Екі жарым жыл ішінде экономикамыздың тұрақты дамуы мен қазақстандықтардың игілігінің артуына себепші болған 321 заң қабылданыпты.

Палаталардың бірлескен отырысында жаңадан сайланған депутаттар Қазақстан халқы алдында ант берді.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар