Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

14 қыркүйек 2007
Егін орағы аяқталар қарсаңында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Қостанай облысында болды.
big-кокшетау-2.jpg

 

Қостанай облысында бүкіл еліміздегі сияқты әлеуметтік саланың, әсіресе білім беру саласының дамуына барлық жағдай жасалып келеді. Облыста биылғы оқу жылында 4 жаңа мектеп пайдалануға берілді.


Қостанайда Президент 1 қыркүйек күні 900 оқушыға есігін айқара ашқан мемлекеттік тілде білім беретін мектепте болды. Мемлекет басшысы интераквтивті тақтаны қолдану арқылы өткізілген математика пәнінің ашық сабағына қатысты, бассейн мен спорт залын қарап шықты.


Мектептің оқушыларымен және ұстаздар ұжымымен кездесу барысында Қостанай қалалық ардагерлер кеңесінің мүшесі Беген Көпеш облыстың ұстаздар қауымы атынан Президентті сапалы орта білім беруді жоғарлатуға бағытталған мемлекеттік саясаты мен бюджеттік сала еңбеккерлеріне көрсетіп жүргізіп қолдауына алғыс білдірді.


Президент ұстаздар қауымына өскелең ұрпақты тәрбиелеуде табыстарға жете берулеріне тілектестігін білдіріп, мектепке шағын автобусты сыйға тартты.


Осы күні Нұрсұлтан Назарбаев облыстың ірі ауылшаруашылық қожалықтарының басшыларымен кездесті.


Мәжіліс барысында Қостанай облысының әкімі Сергей Кулагин Мемлекет басшысына аймақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайы жөнінде баяндады. Облыста жыл басынан бері 143 миллиард теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілген, бұл өткен жылдың осы айындағы көрсеткішпен салыстырғанда 129 пайызды құрайды. Есепті кезеңдегі негізгі инвестициялық қаржы 47,8 миллиард теңгеге жетті, бұл 2006 жылғы көрсеткіштен 1,3 есе артық. Жыл сайын құрылыс көлемі өсіп келеді, облыстағы орташа айлық жалақы үш есеге өсіп, 35 мың теңгені құраған.


Облыстың аграрлық-өнеркәсіптік кешені өзінің қалыпты өсімін байқатады. Мемлекет тарапынан көрсетілген қаржылық көмектің нәтижесінде соңғы үш жылда ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 363 миллиард теңгеден асып түсті.


Үстіміздегі жылы облыс 6 миллион тоннадан артық астық жинауды жоспарлап отыр. Мұндай көрсеткіш тек 1976 және 1990 жылдары ғана болған.


Мәжілісте сөз сөйлеген Нұрсұлтан Назарбаев Қостанай облысы негізгі жоғары сапалы өнім тапсырушы екендігін және Қазақстанның аграрлық-өнеркәсіптік кешенінің одан ары дамуы стратегиясында ерекше орын алатындығын айтып өтті.


- Облыста жыл сайын мемлекеттің ауылды қолдауға бөлінетін қаржысы тиімді қолданылуда. Бұл ауыл шаруашылығы саласының тұрақты дамуын қамтамасыз етеді.


Қазақстан бүгінде әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарынан орын алу мақсатын жүзеге асыру үстінде. Осыған орай ауыл экономикасының әртараптандыру қарқынын жеделдетуіміз қажет. Осы мақсатта 2010 жылға дейінгі еліміздің аграрлық-өнеркәсіптік кешенінің тұрақты дамуы тұжырымдамасы қабылданды. Тұжырымдама ауыл шаруашылығы өнімдері нарығын қаржыландыру, сақтандыру мен ақпараттық технологияларды қолдану, мемлекеттік тиімді үйлестіру және экспорттаудың шаралар кешенін қарастырады.


Мемлекет 2010 жылға дейін еліміздің аграрлық-өнеркәсіптік кешенінің дамуына 460 миллиард теңгеден астам қаржы бөліп отыр.


Президент үстіміздегі жылы Қазақстанда астықтың жақсы егін орағы жиналады деген сенімін білдірді. Бүгінгі күні астық бастыру орағы еліміздің астық танабының 80 пайызын құрап отыр. Егін орағы өткен жылдың көрсеткішінен әр гектардан 2,5 центнер артық болса, Қазақстан бойынша орташа есеппен әр гектардан 13,5 центнер. Жалпы 16 миллион тонна астық жиналды. Бірақ ең жоғары егін орағын беретін аудандар әлі жиналған жоқ.


Осыған орай Қазақстан әлемдік астық нарығындағы баға өсімін пайдаланып қалуы қажет. Бұл ауыл еңбеккерлеріне жақсы түсім алып, ауыл шаруашылығы машиналар паркін жаңартуға мүмкіндік береді. Егін орағының мол болатының мысалы ретінде Президент қарап шыққан «Заречное» қожалығының танабын айтуға болады. Қожалықтың басшысы Валентин Двуреченский Мемлекет басшысына кейбір танаптардың орағының нәтижесі әр гектардан 50 центнерді құрайтындығын мәлімдеді.


Қостанай облысына жұмыс сапарының соңында Президент Варваринское кенішіндегі алтын-мыс өндіретін кен өндіріс жұмыстарының ашылу салтанатына қатысты.


- Бүгін біз тек Сіздер, қостанайлықтар үшін ғана емес, Қазақстан үшін де аса маңызды оқиғаның куәсі болып тұрмыз. Өйткені еліміздің барлық аймақтарында ашылып жатқан осындай жүздеген кәсіпорындар Қазақстан экономикасының қуатын танытады,- деп мәлімдеді Мемлекет басшысы.


«Варваринское» акционерлік қоғамы жылына кен өндіру мен бес тоннаға жақын «доре» құймасын және 60 мың тонна мыс қоспасын шығаратын кешенді құрайды. Бұл жобаға 150 миллион доллар қаржы құйылған. Бұнда әлемдік өндірушілердің жоғары технологиялы машиналары мен құрал-жабдықтары орнатылған. Кешеннің іске қосылуы 400 жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.



Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар